Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ауруханаға жаңа аппарат

Ауруханаға жаңа аппарат


Сейсенбі күні қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар денсаулық нысанына қажетті аппараттарды табыс етті. Игілікті іске мұрындық болған – құрылыс мекемелері. Кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен жинақталған сомаға заманауи үлгідегі құрылғылар алынған. Індет алқымнан алғанда бір жұтым ауаға зар болған қаншама жан бір ғана құрылғыға тәуелді болды. Осы тұста халықтың, кәсіпкерлердің демеушілігімен қажетті құрылғыларға қол жеткен. Соның ізімен тағы да 1 ИВЛ аппараты мен 15 оттегі концентраторы қалаға жетті.

Қаржысы қомақты құрылғы
Ал, апта басында көпбейінді балалар ауруханасынан коронавируспен ауырған науқастардың соңғы легі жазылып шықты. Бірнеше ай бойы індетпен күрескен дәрігерлер қауымы енді бұрынғы қалыпқа оралады. Науқастарды жоспарлы емдеу басталады. Десе де қиын-қыстау кезде мұнда қажетті жабдықтар тапшы болып, біршама қиындық болғаны жасырын емес. Осыны ескере келе, Германияда жасалған 1 ИВЛ аппа­­раты мен 2 оттегі концентраторы ауруханаға табысталды.
Бұл жасанды тыныстандыру құрылғысының ерек­шелігі оған науқастың бойы, дене салмағы мен жай-күйі енгізіледі. Соған сәйкес оған қаншалықты көмек қажеттігін аппарат өзі анықтайды. Жағдайы қалыпқа түсіп, науқас өздігінен тыныс ала бастағанда, құрылғы жасанды тыныс беруді тоқтатады екен. Соңғы үлгідегі жабдықтың қаржысы да қомақты, 40 млн теңге шамасында.
Мамандар бұл құрылғының тек індет кезінде емес, қалыпты жағдайда да тыныс ауруымен ауыратын жандар үшін қажет екенін айтады. Сондықтан олар демеушілік жасаған кәсіпкерлерге үлкен алғыс білдірді. 

Оттегі концентраторы табысталды
Індет кезінде тапшы болған құрылғының бірі – осы. Сол себепті, жаңадан алынған 15 оттегі құрылғысы тиісті мекемеге қажетіне сай бөлінді. Оның ішінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 3, көпбейінді облыстық балалар ауруханасына 5, «Ана мен бала» перинаталдық орталығына 5 концентратор берілді.
Өз кезегінде қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы дәрі­герлерге адам жанына араша болып, індетпен күрестегі еңбектеріне ерекше баға берді. Сонымен бірге көпбейінді балалар ауруханасының басшысы Зоя Рахатқызының жансақтау бөліміне күрделі жөндеу керек деген өтінішін де назардан тыс қалдырмай, жуық арада шешіп беретінін жеткізді.

Жомарт жандар
Аталған құрылғылардың барлығы осы кісілердің арқасында қолжетімді болды. Карантин кезіндегі қиындыққа қарамастан, қаржылай көмек қолын созған «Сәт-Сервис», «Бақ-Береке 2030», «Сапақ» ӨК, «Асанас-Дар», СК «МетПромМонтаж», «Нұр-Ай Ақжол», «Алтын Айдарлы» ЖШС құрылыс мекемелері.
– Індет бүйірден қысқан уақытта қаладағы құры­лыс мекемелері, кәсіпкерлер тарапынан үлкен қол­дау көрсетілді. Қысылтаяң шақта қомақты қаржыға ауруханаға қажетті құралдар тарту етті, жанар-жағар­май, азық-түлікпен де қамтыды. Ал, бүгін қаладағы 7 құрылыс мекемесі құны 39, 7 млн тұратын жасанды тыныстандыру аппараты мен 15 концентраторды бір­қатар ауруханаға табыс етті. Осындай жомарт жү­ректі жандарға жерлестер атынан зор алғысымызды білдіреміз. Кәсіптеріңізге береке тілейміз, – деп қала әкімі Н.Нәлібаев ризашылығын білдірді.
Жалпы індетпен күресте ауызбірлік танытқан кәсіпкерлер 56 млн теңге көлемінде қаржы жинап, емдеу мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен.

Айдана СЕЙІЛ
08 тамыз 2020 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам