Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мезетінде шешілген мәселе

Мезетінде шешілген мәселе

Ел басына күн туған мынадай мазасыз шақта қарапайым халыққа қолдау аса қажет. Табан асты дерттің белең алып, өрши түсуі расымен, жұртшылықты әбігерге салды. Көпшілікті қайдан? қалай? ем аларын білмей, күнделікті қолжетімді дәріні таппай қалуы үрейлендірген. Адами фактордың әсерінен орын алған бірқатар кемшіліктер бүгінде қалыпқа келе бастаған. Дер кезінде қолға алынған бақылау мен жұдырықтай жұмылған жұрттың ауызбірлігі қысылтаяң сәтте құтқарып тұр.

Дәрігерге қолдау
Қазір науқастармен бірге дәрігерлерге де моральды көмек керек. Алдына араша сұрап келген жанға қолдан келер емін жасағанымен, көз алдында қаншама адам қиналады. Мұндай көрініспен күнделікті бетпе-бет келу оларға оңай емес. Бірнеше ай бойы отбасынан, балаларынан жырақта жүріп, қауіпке басын тіккен ақ халаттылардың еңбегі өлшеусіз. Осы орайда «Яссауи» ЖШС директоры Кахар Дадашов індетпен күресіп жүрген дәрігерлер қауымына 1 млн теңге қаржы бөліп, әрқайсысына 100 мың теңгеден үлестірді.
Қиын-қыстау сәтте науқастарға да, дәрігерлерге де қолдау білдіріп, жан-жақты көмек беріп жатқан аймақ басшысы мен қала әкіміне, жомарт жүректі кәсіпкерлерге аурухана басшысы Айна Мұхамбетова ұжымы атынан алғысын білдірді.

Тасымалда  тапшылық жоқ 
Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қаладағы оттегі өндіретін зауыттарға да ат басын бұрған.  Бүгінгі күні «Квант» механикалық зауытынан күніне 200 оттегі баллоны ауруханаларға жеткізіледі. Зауыт басшылығы өндірісті арттырғысы келеді. Дегенмен қолбайлау бар. Сондықтан шаһар басшысынан Байқоңыр қаласындағы кислород-азот зауытынан дайын оттегіні алдыруға ықпал жасауын сұрады.
Ал емдеу орындарын күніне 300-400 оттегі баллонмен қамтамасыз етіп отырған «Шыңғыс ЛТД» ЖШС директоры аудандарға тасымалдау қызметінде көлік жетіспейтінін айтты. Оттегі тасымалы бұған дейін кәсіпкерлер мен еріктілер, қоғам белсенділерінің көмегімен атқарылған екен. Десе де оның өзі тапшылық тудырады екен. Бұл мәселені қала басшысы мезетінде шешіп берді. Енді қиналған жанға қажетті оттегіні тасымалдауда көлік жайы қиындық тудырмайтын болды.

Жауапты мамандар
Қала әкімінің тікелей бастамасымен індет кезінде тұрғындарға қажетті көмек көрсету, қандай да бір мәселенің шешімін табу үшін қаладағы емдеу орындарына, стационарлар мен провизорлық орындарға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары жауапты ретінде бекітілді. Жауапты мамандар мен байланыс нөмірі өткен санымызда жарияланған болатын. Тұрғында шұғыл мәселе туындаған жағдайда көрсетілген ұялы байланыс нөмірі арқылы жауапты қызметкерлерге хабарласуына болады.
Иә, өткен аптаның аяғында осындай ізгілікті істер жүзеге асты. Өңірдегі ахуал әлі де тұрақталған жоқ. Біршама дүниеге қажеттілік бар. Мұны шаһар басшысы Н.Нәлібаев өзі бағамдап қайтты. Реті келгенде қолдан келер көмектен аянбайтынын жеткізді. Жұртшылықты індетпен күресте ынтымаққа шақырды.
– Қысылтаяң уақытта қол қусырып қарап отырмай, елге қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген барша белсенді азаматтарға үндеу жасадық. Белсенді жандар бізді қолдап, игі іске ұйыса кетті. Қиын кезде елге көмектесіп жатқан кәсіпкерлерге облыс басшысының, аймақ тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін», – деді ол.
Айдана САЙДУЛЛАҚЫЗЫ
14 шілде 2020 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам