Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Оңай олжа оңалтпас

Оңай олжа оңалтпас


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ағымдағы жылы 95 қылмыстық іс қозғалған. Оның 55-сі сыбайлас жемқорлық сипатындағы, 55-сі ауыр санаттағы, 2-еуі аса ауыр, мемлекет қаржысын ұрлау ісі - 47, 30-ы парақорлық, 5-еуі шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласу дерегі бойынша тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов мәлімдеді.
Маманның айтуынша, мемле­кеттік бағдарламаларды игеру бары­сында сыбайлас жемқорлық орын алған 17 қылмыс анықталыпты. Нәти­жесінде 34 адам қылмыстық жауап­кершілікке тартылған. Оның ішінде облыстық деңгейдегі басшылар да бар. Бүгінде аталған деректер бойынша 92 қылмыстық іс сотқа жолданып, келтірілген шығын көлемі белгіленген. Яғни, анықталған шы­ғынның 99,2 проценті мемлекетке қайта өндірілген.
Жалпы департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әрі халықтың мемлекеттік орган­дарға деген сенімін арт­тыру мақсатында бірнеше бағытта бір­лескен жұмыстар жүргізілу­де. Атап айтқанда, арнайы мо­ниторингтік топ өкілдері және «Ақмешіт – адалдық алаңы» жоба­лық кеңсесімен бірге сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білім беру меке­месі, жер қатынастары саласы, қыз­меттік тұрғын үй қорын басқару сын­ды бірқатар мекемеге талдау жаса­лып, сол бойынша ұсыныстар әзірленген. Бұдан өзге департамент тарапынан да 6 мемлекеттік меке­ме сыртқы талдаудан өткен. Со­ның қорытындысымен сыбайлас жем­қорлық әрекетін төмендетудегі 24 ұсыныс енгізіліп, оның 7-еуін жүзеге асырған.
Мұндай бағыттағы жұмыстар мемлекеттік сатып алу ісі бойынша да жүргізілген. Нәтижесінде 30-дан астам ұйымға тиісті ұсынымдар бе­ріліп, мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзету енгізген. Бұл өз кезегінде бөлінген қаржының мақ­сатты жұмсалуына септігін тигізеді.
Сыбайлас жемқорлықтың ал­дын алуда ақпараттық насихаттың да үлесі зор. Бүгінде өңірде «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы қолға алынып, аталған бағытта бірнеше жоба тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ал, қазіргі таңда елдегі ахуалға байланысты сырттан келген гуманитарлық көмектің тиісті орындарға жетуі департаменттің тікелей бақы­лауында.
Брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Мақсұтұлы атқарылған жұмыстың нәтижелі екенін, былтырға қарағанда жем­қорлық әрекеті 33 процентке төмен­дегенін ерекше атап өтті.

А.СЕЙІЛ
08 тамыз 2020 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам