Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дария дамбысы қызыл суға дайын ба?

Дария дамбысы қызыл суға дайын ба?


Уақыт қашанда үстем, қазір жадыраған жаз маусымының екінші айы да аяқталуға жақын. Күн жылы, жер қарада қаптап кетер қарекет көп-ақ. Бірақ, қақаған қыста он күнгі еңбекті бүгінгі бейжай уақытта бір күнде атқаруға болатынын бәрі біледі. Дейтұрғанмен, қаржыны сылтауратып, жайлы мезгілді жайбарақат өткізіп алатынымыз өкінішті.
Біздің мәселе – Сырдария өзенінде.  Дәл қазір Сырдың суы сирақтан келіп тұр. Кешіп өтуге де ыңғайлы. Бұл бір жағынан алаңдатарлық жағдай болса, екінші жағынан жағалауды бекемдеп алуға сәтті шақ. Күз түсіп, егін суды қажет етпейтін кезеңде дарияның деңгейі де көтеріледі. Ал, қыс айында бетіне мұз қатып, судың жүруі ауырлай бастайды. Міне, алашапқынның туындайтыны осы мезгіл. Жасырып қайтеміз, соңғы он жылда қызыл суды құрықтау үшін қанша қаражат жұмсалғаны бір құдайға аян. Мүмкін Арал теңізіне дейінгі дарияның екі бетін бетондап алатын ақша шығын болған шығар. Оны да есептейтін шағы туады. Әзірге өзеннің өзі берген мүмкіндікті пайдаланып қалу өте өзекті.
Біздің мәселе – Сырдария өзеніңде.  Дәл қазір Сырдың суы сирақтан келіп тұр. Кешіп өтуге де ыңғайлы. Бұл бір жағынан алаңдатарлық жағдай болса, екінші жағынан жағалауды бекемдеп алуға сәтті шақ. Күз түсіп, егін суды қажет етпейтін кезеңде дарияның деңгейі де көтеріледі. Ал, қыс айында бетіне мұз қатып, судың жүруі ауырлау бастайды. Міне, алашапқынның туындайтыны осы мезгіл. Жасырып қайтеміз, соңғы он жылда қызыл суды құрықтау үшін қанша қаражат жұмсалғаны бір құдайға аян. Мүмкін Арал теңізіне дейінгі дарияның екі бетін бетондап алатын ақша шығын болған шығар. Оны да есептейтін шағы туады. Әзірге өзеннің өзі берген мүмкіндікті пайдаланып қалу өте өзекті.
Қызылорда қаласының Бас жоспарына сәйкес Тәуелсіздік даңғылы салынды. Биыл сол даңғыл Тасбөгетке қарай тартылу үстінде. Бұл жерде айтпағымыз аталған даңғыл дария дамбысын бекемдеуге де ықпал етіп тұр. Бәлкім мұны «бір оқпен екі қоян» десек жарасар.
Сырдария өзенінің бойында су тасу қаупі бар аумақтарды анықтап, ерте бастан кіріскен жөн. Мұндай мүмкіндік екінші бола бермейді. Дегенмен, дәл қазір бұған бас ауыртып отырған бірде-бір мекеме жоқ. Оны жан-жаққа сұрастыру барысынан-ақ білдік. Алдымен Төтенше жағдай мекемесіне хабарластық. Олар төтенше жағдай туындағанда кірісетін секілді. Екінші Арал-Сырдария бассейндік инспекциясына телефон шалдық.
– Біздің алдағы міндет қысқа дайындық. Дария деңгейі әрқашан назарда болады. Шардара мен Көксарай су қоймасына 600 текше метр су құйылуда, – деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Жұмахан Нұрсейітов.
– Облыс бойынша 9 қорғаныс бөгеті бойынша жұмыстар атқарылуы тиіс. Қазіргі таңда Қармақшы ауданында 2, қаладағы 1 учаскіде толық жұмыстар аяқталды. Енді 6 учаскіде жұмыс жүргізіліп жатыр. Тағы бізде 10-шы жоба бар. Ол Сырдария өзенінің арнасын тереңдету. Онда «Павлодарлық өзен порты» ЖШС жұмыс жасауға тиіс еді. Алайда, мердігерлердің арасында түсініспеушілік орын алып, сот бұл жұмысты уақытша тоқтатуды туралы шешім шығарды. Бүгінгі таңда дарияның құмын тазалау тоқтап тұр. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша  Аралда екі учаскіде жұмыс жүріп жатыр, – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының шұғыл әрекет ету бөлімі басшысы Бақытжан Жұндабеков.
Үшінші «ҚазСушар» РМК Қызылорда филиалына шықтық.
– Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 520 текше метр су жіберілуде. Қазіргі уақытта 490 текше метр суҚызылорда облысына кіріп жатыр. Қызылорда су торабынан  төменгі ағысына 40 текше метр су өтуде. Шардара су  қоймасында көлемі 1млрд. 581 млн текше метр су бар. Өткен  жылы дәл осы уақытқа 2 млрд. 635 млн болған еді. Бұл деген сөз  өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд. текше метр су кем, – деді «Қазсушар» кәсіпорны Қызылорда филиалы директорының  орынбасары Жорабек Ерназаров.
Су жайлы дария дамбысы туралы бірнеше басқарма басшы­ларына хабарласқан едік, алайда бұл мәселе біздің құзырымызда емес деген жауап қатты. Рас, қыс мезгілінде бөгеттер жарылып кету қаупін туғызады. Ал мынадай жер құрғақ, су таяз кезде олардың алдын-алу тамаша кезеңі емес пе?  Неге әлдебір апатты күтіп жайбарақат отырамыз? Біз біреудің ар-намысына тиіп, абыройсыздық әкелуден аулақпыз. Бұл жерде «қыстың қамын жаз ойла» деген ұсыныс. Және жауапкершілікті ерте сезіну қыруар қиындықтан құтқарады. Сондықтан сіздерге міндет мәселені, бізге айту парыз ниетімен қозғау салдық.
Жарасхан Қуанышбайұлы
Суретті түсірген Нұрболат Нұржаубай
15 тамыз 2020 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам