Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Адал еңбектің абыройы асқақ

Адал еңбектің абыройы асқақ

Қызылорда бүгінде қарқынды даму үстінде. Құрылыс саласындағы ілкімді істер де көңіл қуантады. Игі істерімен алға басып келе жатқан облыс орталығында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мәселен, карантиндік шектеулерге қарамастан құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда «Жұмыспен қамту жол картасы» мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысын облыс әкімі  Гүлшара Әбдіқалықова аралап көрді.
Қазіргі таңда эпидемиологиялық ахуалмен қатар, жұмыссыздық мәселесі де күн тәртібінде тұрғаны белгілі. Сондықтан да аталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, жұмыссыздық мәселесін шешу де маңызды. Атап айтсақ,  «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс орталығында әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объекті­лерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын жөндеу жұ­мыстары жүргізілуде. Соның негізінде 97 жоба қолға алынған. Бұл жобалар бойынша қосымша 4373 жұмыс орнын ашу көзделген. Осылайша жұмыспен қамтылғандар 90 проценттен асып, оның 56,7 пайызы тұрақты жұмыс көзіне айналып отыр.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова алдымен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойындағы абаттандыру жұмыстары мен жаяу жүргінші жолының құрылысымен танысты. 6 шақырымға жуық жол бойын көгалдандырып, жаяу жүргіншілер жолын салуды «Асанасдар» ЖШС жауапкершілікке алған. Мердігер жоба аясында 180 адамды еңбекпен қамтып отыр. Шаһар басшысы жұмыстың жоспарға сай жүргізіліп жатқанын жеткізді. Осы тұрғыда жұмыссыздарды көптеп жұмыспен қамту маңызды болып отыр. Себебі, тұрғындардың әлеуеті жақсармай, жұмыссыздар саны азаймай, еліміздің алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі. Аталған бағдарлама аясында жұмыссыз жүрген жандар үшін екі қолға бір күрек табуға мүмкіндік жасалды.
Аймақ басшысы жылу жүйелерін жөндеуден өткізіп жатқан жұмысшылармен де кездесті. Ең алдымен сапаға мән беру керектігін айтып өтті. Жақын күндері күн суыта бастайтыны да анық. Сол себептен бұл бағыттағы жұмыстар уақытылы аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, қыста ақау шықпау үшін асығыс шаруа жарамайды. Бүгінгі таңда қалада 12 шақырым жылу жүйесі күрделі жөндеуден өтуде. 20 жылдан аса қызмет жасаған жылу құбырларының 5 шақырымы «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің өз қара­жатымен ауыстырылса, қалған 7 шақырымы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдар­ламасы негізінде жаңалануда. Мұнда бағ­дарлама талаптарына сай 200 адам жұмыс жасауда. Жалпы, қала бойынша жылу желі­лерінің ұзындығы 186 шақырымды құраса, оның  бүгінде 72 пайызы толығымен жаңар­тылған.
Мемлекеттік бағдарлама аясында спорт­тық нысандарға да күрделі жөндеу жасалуда. Спорттық нысандарға көңіл бөлінуі әсіресе, қарапайым тұрғындарды қуантуда. Себебі, халықтың көбісі спортпен шұғылданып, денсаулығын күткенді жөн деп санайды. Осы тұрғыда заманауи нысанда жаттыққан олар үшін қуаныш. Тұрғындар талабына сәйкес, «Локомотив» стадионы күрделі жөндеуден өтуде. Олай болатыны, спорт орталығы соңғы рет 2007 жылы жөндеуден өткен. Бүгінде тозығы жетіп, қайта жаңғырту қажеттігін өзі айтып тұр. Стадион ғимаратын жаңалауға тараздық «АгроспецСтрой»  компаниясы мердігер мекеме болып белгіленген. Мұнда 35 адам еңбек етуде.
«Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы негізінде әсіресе, ауылдық округтер еңсесін тіктеді. Солардың бірі ретінде Ақсуат ауылдық округіне бағдарлама есебінен бөлінген қаржы бар. Аталған қаржыға осы жылы ауылда 16 көше орташа жөндеуден өтіп, оның 7 көшесіне асфальт салынған. Сонымен қатар,  9 көшеге қиыршық тас төселуде. Қысқасы, ажары ашылды. Айталық, 1982 жылы салынған №143 орта мектепке 38 жылдан соң күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім ордасындағы ауқымды тірлікке облыс әкімі куә болды. Жоба көрсеткендей, мектеп заманауи үлгіде жаңармақ. Ғимарат жаңа оқу жылында қолданысқа беріледі. Білім ошағындағы жөндеу жұмыстарына ауыл­дың жұмыссыз 40 азаматы қамтылған.
Ауқымды тірліктердің орындалу барысын бақылап қайтқан облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова шаһар басшысына кезең-кезеңімен жұмысты уақытылы тапсыру қажеттігін айтты. Ал қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдағы уақытта да бұл бағыттағы бақылауды арт­тырып, қосымша жұмыс көзін ашуға күш салатынын жеткізді.
Көріп отырғанымыздай, қай салада болмасын даму байқалады. Осындай қарқынды тірлігі бар қаламыз жақсы нәтижеге қол жеткізері анық. Әсілі, адал еңбектің абыройы асқақ болатынын бүгінгі бетбұрыстың өзі-ақ білдіріп тұр.

Айтолқын АЙТЖАНОВА
18 тамыз 2020 ж. 562 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 424 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам