«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 276 жоба іске асырылады
Өңірде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 9299 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
«Халықты жұмыспен қамту мақсатында 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданды. Жоспар аясында барлық мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында ашылатын жұмыс орындары, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылатындар және «Жұмыспен қамту Жол картасы» аясында ашылатын жұмыс орындары қамтылған. Яғни, биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 276 жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда оның 248 жобасы бойынша 3536 адам жұмысқа қабылданып, оның 2676-сы жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасты»,-деді Талғат Тұрсынұлы.
Сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарына 26 523 адам жоспарланып, нақты 5 264 адам жұмыспен қамтылды.
Бағдарлама қатысу үшін алдын ала жұмыссыз тұлға ретінде жұмыспен қамту орталығына хабарласып, тіркелу қажет.