Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мал ұрлығы тағы өршіді

Мал ұрлығы тағы өршіді

Жылдағы жағдай тағы шаң берді. Ұрыда ұят бар ма, әуес әдетіне басты. Шыр-пыры шыққан қарапайым халықтан сабыр қашты. Табын малы болмаса да төрт-бес тұяғына телміріп отырған шаруаның салы суға кетті. Соның салдары ма, қалаға қабаттас, жері кең Сабалақ, ПМК-66 саяжай халқы үшін үрей күшейді.
Осыдан екі жыл бұрын ұрының тобы ұсталып, олар түрмеге түсті. Зар қаққанның зары басылған еді, қырағылық басылды-ау, «екі аяқты қасқыр» қайта құтырды. Бәлкім, құқық қорғаушы органның құрығынан сытылып шыққандар арамызда қалса керек, туасы айлалы адамнан қашан арылады екенбіз.
Ет сатушыларға арзан бағаға өткізіп, тиын-тебен тапқан «барымташыларға бұғау салу» полицияға көп күш емес. Олар кім өткізіп, кім алатынын жақсы біледі. Алдымен ет сатушыны жазалау керек. Себебі дейсіз бе, адал малын жарты бағаға өткізетін ешкім ақымақ емес. Яғни ет қабылдаушы ұрлық мал екенін біліп тұрып, өз пайдасын ойлайды. Оны қылмысқа қатысы бар ретінде қамау қажет. Ал, малды кім ұрлағаны содан кейін оп-оңай белгілі болады. Учаскелік инспектор жауапты өз аумағын алақандағыдай айта алады. Тек нәпсісі таза болса...
Осыдан кейін жергілікті полиция не нәтиже шығарады екен, әліптің артын бағайық...
Қ.Құрбан
22 тамыз 2020 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам