Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тәуелсіздік даңғылы Тасбөгетке барып тіреледі

Тәуелсіздік даңғылы Тасбөгетке барып тіреледі

Егемендікпен еңсе түзеген Сыр елінде қай салада болмасын алға ілгерілеушілік байқалады. Әсіресе, құрылыс саласында серпінді істер жетерлік. Ел игілігін көрген нысанның бірі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай пайдалануға берілген – Тәуелсіздік даңғылы. Бүгінде жеті шақырымдық жол дария бойы сәулеті келіскен көпшілік орынға айналған. Мұнда жаяу жүргінші жолы мен арнайы вело жолақ, жарық бағаналары, аялдамалар бар.
Даңғыл Сұлтан Бейбарыс көшесінен бастау алып, Әбілхайыр хан көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Осы жолмен жүрген әрбір қызылордалық өзенді жағалай жүріп, әсем жағалауды тамашалауға мүмкіндік алады.
Қалалықтар үшін биылғы жылдың тағы бір қуанышты жаңалы­ғы –Тәуелсіздік көшесін Тасбөгет кентіндегі гидроторапқа дейінгі магистральды жол құрылысы. Айта кетелік, бұл жаңалық жыл басында қала әкімінің есебінде айтылған болатын. Сөзден-іске демекші, бүгінде жол құрылысы да басталып кетті. «Сыр ана» монументі жанынан өтетін Тәуелсіздік даңғылын әрі қарай жалғастыру жұмысын қаламыздағы белгілі компания «Қыран» ЖШС атқаруда. Жол жұмысын бастау үшін өткен жылы облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлінсе, биыл республикалық бюджеттен 718,4, ал облыстық бюджеттен 5 млн теңге қаржы қаралған. Жол бойында 4 автобус аялдамасы, 3 автотұрақ, жаяу жүргінші және веложол да қарастырылған. Түнгі жарық шамдарын орнату да назардан тыс қалмаған.
Жол салу жұмысы да бүгінде қыза түскен. Мұнда да техникалар үздіксіз жұмыс істеуде. Жер тегістеу жұмысына атсалысып жатқан геодезистші Сәрсенбек мамырдың алғашқы күнінен бастап жұмыс қыза түскенін, өзінің мұндай ауқымды жұмысқа үлес қосып жатқанына қуанышты екенін жасырмады.
Айта кетейік, Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан лед экран алынып тасталады. Ал бағдаршамның орны ауысады.
Алаштың анасы атанған аймақтың алдағы уақытта да әлеуметтік-экономикалық жағдайы одан әрі жақсара түспек. Себебі, осы саладағы жеткен жетістіктердің барлығы болашаққа бағытталған тың істерге жол ашпақ.
Жарасхан Қуанышбайұлы
Суретті түсірген Нұрболат Нұржаубай
25 тамыз 2020 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам