Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бала тапқанның бәрі ана ма?

Бала тапқанның бәрі ана ма?

Қанатсыз құс, анасыз адам болмайды. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Адамның жарық дүниеге келуіне себепші болатын ананың орны біз үшін әрқашан да бөлек. Алпыс екі тамырын идіріп, ақ сүт беріп өсірген әзиз ананы Меккеге үш қайтара арқалап апарсаң да еңбегін өтей алмайсың деген сөз бар. Жөн сөз. Тегін айтылмаса керек-ті.
Расыменде, ең ардақты да, ең аяулы жан – ана. Ананың аялы алақаны әр балаға ауадай қажет. Содан мейірімділікті, махаббатты, жылылықты сезінеді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анамыздан тарайды. Ананың нәзік үні, аялы алақаны, жүрек жылуы жанымызға шуақ себеді. Содан гүл секілді құлпырып, жайнаймыз. Бұл ана құдіретінің қасиеті.
– Анашым мен сені сағынып күтіп жүрмін. Естуімше, мені таныстарыңа тастап, алыс жаққа кетіп қалыпсың. Жан анам, өзіңді қалай жақсы көретініңді білсең ғой, шіркін. Мені неге біреудің үйіне қалдырып кеттің. Ауырып қалғанымда жанымнан табылмадың ба? Жә, ренжімеймін. Жәй айтып жатқаным ғой.  Күндіз-түні өзіңді ойлаумен жүремін. Кейбір түні көз ілмей сенің түріңді, мінезіңді екеуміздің қыдырып жүрген сәтімізді ойлап жатып ұйықтап кетемін. Биыл бесінші сыныпқа барамын. Енді үлкен болып өстім. Осы хатымды алып оқысаң міндетті түрде жауабын бер. Тезірек келіп мені алып кет. Сені күтемін...
Бұл он жасар Арайлымның анасына арнап жазған хаты. Анасы, жоо-жоқ анасы деуге келмес, жәй өмірге бала әкелген әйел деп айтқан дұрыс шығар. Өйткені шынымен баласына жаны ашыған адам бұлай тастай салмасы анық қой. Естіген құлаққа түрпідей тиетін осы ахуал қазір қоғамда белең алып отыр. Айтпасаң сөздің атасы өледі деген. Сиыр екеш сиырдың өзі туған төлін тастап, ұзаққа жайылмайды ғой жануар. Ал, біз адамдар ше? 
Ана тақырыбы терең де толғаулы тақырып. Міне, біреулер үшін анасын бір көруі мұң. Біреулер сол бағып мәпелеген ақ жаулықты асыл анасын зар қақсатып, күн кешуде. Қалай десекте «баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма кірсін» деп безектейтін ардақтылардың орны әрқашан төрде. Осындай құдіретті аналардың ардақты атына бәзбір безбүйректер дақ түсіріп жататыны жаныңды қинайды. Ақын Мұхтар Ниязов айтқандай, шыр етіп дүниеге әкелген анаңа шыр еткізіп қоңырау соғып, халін сұрап тұр. Өйткені, ол сені құрсағынан шығарғанмен жүрегінен шығармайды. 
Ана біз үшін жанын беруге дайын тұрады. Ол бәрінен де қымбат. Бізді жарық дүниеге алып келді, біз сол үшін анаға қарызбыз. Сол үшін ананы ренжітпеуіміз керек. Біз көзінен сәл таса болсақ, іштей уайымдайды, қиналғанын тірі жанға айтпайды. Сол себепті ананы құрмет тұтуымыз керек.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
29 тамыз 2020 ж. 709 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам