Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі одан әрі арта түсті – Сенатор

Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі одан әрі арта түсті – Сенатор

Сенатор Дана Нұржігітова Ата заңға сәйкес мызғымас ұстындардың кепілі болатын тұлға – Президент екенін және Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау қиын шақта, тағдырымыз тарих таразысына түскен кезеңде азаматтардың басты құқықтарының сақталуына бар күшін салып тырғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ал заң шығарушы органдар өмірдің өзі белгілеп берген өзгерістерге заңдық негіз болатын сапалы құжаттар әзірлеу жоспарын пысықтап, мемлекетіміздің даму бағытын айқындауға белсене атсалысып жатыр», деді сенатор. 
Ол өз сөзінде үшінші мыңжылдықтың үшінші онжылдығы адамзат тарихындағы түбегейлі өзгерістерден басталып отырғанын және ол өзгерістер өмірдің барлық саласын шарпығанын, тұрмыс, сана, экономика, саясат, бәрі өзгеріп жатқанын айтты. 
Дана Нұржігітова «Болашақ ұрпақ бұл кезеңге баға бергенде пандемия кесірінен немесе пандемияның арқасында деп саралайтын болады. Бірақ осындай тұрақсыздық жағдайында мемлекеттілікті нығайтып, тұрақтылықты, адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін константа, басты құжат бар. Ол – Конститутция. Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі одан әрі арта түскенін көріп отырмыз», деді.
Сөз соңында сенатор қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты құжаты, Ата заңымыз қабылданған Конституция күнімен құттықтады.
30 тамыз 2020 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 532 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам