Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 2023 жылға дейін әлеуметтік төлемдерді индексациялауға 1 трлн теңге бөлінеді – Президент

2023 жылға дейін әлеуметтік төлемдерді индексациялауға 1 трлн теңге бөлінеді – Президент

2023 жылға дейін әлеуметтік төлемдерді индексациялауға 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаншалықты ащы болса да шындықты айтып отырдық. Бұл кейбір мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы. Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі де жалғасуда. ДДСҰ болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластыруымыз керек. Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделген болуы тиіс», – деді Мемлекет бксшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдістерін енгізуде.
«Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индаксациялау жұмысы жалғасасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
01 қыркүйек 2020 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам