Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дана Нұржігіт Жолдау туралы: Санамызға серпіліс қажет

Дана Нұржігіт Жолдау туралы: Санамызға серпіліс қажет

Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Біз тәуелсіз Қазақстанның тағдыры тарих таразысына түскен сын кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан Қазақстан халқының санасында серпіліс жасалуы керек. Президент өзінің Жолдауында осы ойды жеткізгісі келді.
Бастысы осы сынақ кезеңінде ең басты мақсаттарымыздан айнымауымыз керек. Мақсаты бар адамда жігер мен қайрат та болады.
Пандемия кезіндегі тағы бір мәселе – инфодемия. Осы кезеңде демократияның орнына хайпократия келді. Міне сол хайпократияның жолында кетпей, өзіміздің басты мақсатымыздан жаңылмай алға жүруді үйренуіміз шарт.
Ал Президенттің Жолдауынан алдағы уақытта жасалатын жұмыс өте көп екенін түсіндік. Барлық сала өзгеріске ұшырайды. Сондықтан, заманмен бірге жүріп отыруымыз керек. Билік те, азаматтарымыз да осыған дайын болуы қажет.
Ол не үшін керек? Пандемия кезінде өмірдің барлық саласындағы кемшін тұстар айқын көрінді. Соның бәрін реттейтін басқа адамдар емес, ол өзіміз – қазақстандықтар", - деді Дана Нұржігіт.

01 қыркүйек 2020 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам