Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сапалы өнімнің саны артуы керек

Сапалы өнімнің саны артуы керек

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһар іргесіндегі бау-бақша егумен айналысатын мекеме жұмысымен танысты. «Іскер-М» ЖШС алғаш рет 2016 жылы Бірқазан елді-мекенінде голландиялық бақша өнімдерінің тұқымдарын Сыр өңіріне жерсіндіруді қолға алған.16 гектар аумаққа 16 түрлі дақыл егіп, оның ішінен өнімділігі жоғары сұрыптарын таңдаған.
Биыл бұл бастамасын пилоттық жоба негізінде қала маңынан 1 гектарға жуық жер алып, қайта жандандырып отыр. Голландияның «Rijk Zwaan» компаниясымен бірлескен жоба бойынша 7 түрлі өнім егілген. Олар голландиялық тәтті жүгері, асқабақ пен қарбыз және қауынның Пиель де Сапо, Галия, Панталупа, Амморелло түрлері.
«Бұл өнімдер жоғары шыдамдылығы мен және дәмімен ерекшеленеді. Нарықта сұранысы жоғары дақылдарға тапсырыс берушілер дайын. Экспортқа шығаруды да жоспарлап отырмыз» – дейді, мекеме менеджері Арыстанбек Шайменов.
Егіс алқабы тамшылатып суару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған бақшаны қашықтықтан басқару арқылы да суаруға болады. Бақша аумағын аралап, өнім түрлерімен танысқан шаһар басшысы жергілікті өнімнің сапасына аса жоғары баға беріп, бау-бақша алқабының көлемін ұлғайтуды баса айтты. Өз кезегінде несібесін еңбекпен еселеп, ырзықты жерден терген егіншілер егіс көлемін ұлғайту мақсатында Бірқазан елді-мекенінен қосымша жерді жалға алуды заң аясында шешіп беруін сұрады.
Қала әкімі мәселенің 2 апта ішінде шешілетінін айтып, сала басшыларына бағбандарға берілетін жерге инфрақұрылым тарту мен субсидия бөлу мәселесін де қарауды тапсырды.
07 қыркүйек 2020 ж. 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 532 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам