Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көмір қоймасы неге бос?

Көмір қоймасы неге бос?

«Қыстың қамын жаз ойла» деген емес пе? Күздің алғашқы аптасы қыстың ауылы алыс емес екені байқатты. Жаз бойы еңбектің жемісі – еккен егінді төкпей-шашпай жинап, отын-суды қамдау керек. Отын-су демекші, от жағатындардың басты мәселесі – көмір жайы. Осы орайда, халықты көмірмен қамтамасыз ету жұмысын зерделеу үшін зерттеу жасап көрдік.

Қандай көмір сапалы?
Жә, сонымен көмірдің нақты бағасын білмек болып жексенбі күні біраз орындарды араладық. Көзбен көрдік, көңілге түйдік.
Біз аялдаған алғашқы нысан Гагарин қыстағындағы Қайнарбаев көшесі. Мұнда сырттай қарағанда тым-тырыс. Бұрыш-бұрышта үйілген ұсақ көмір қалдықтарын ғана көрдік. Құдды қаңырап қалған бос орын секілді. Қойма орналасқан темір жолдың бойы тас көмір. Бұл Қызылорданың қақаған қысына жеткіліксіз екені белгілі. Көмір қоймасына келіп-кетіп жатқан жан баласы жоқ. Сұрастыра келе көмірдің әзірге түгесіліп тұрғанын білдік. Темір жол бойында жатқан таскөмір мемлекеттік сатып алу бойынша Талдыаралға тиесілі екенін естідік. Елімізге танымал Шұбаркөл көмірі жоқтың қасы. Бұған халықтан сұраныс жоғары болуына байланысты екенін де білдік.

Жақында келеді
– Қазіргі таңда, қоймаға үш түрлі көмір келеді. Халықтың көп сұранысына ие – Шұбаркөл көмірі. Содан соң Қаражира көмірі. Сонымен қатар, Майкөбен көмірі мен таскөмірлер бар. Бағасы сапасына қарай әртүрлі болып келеді. Мұнда көмірді аудандардан да алып кетіп жатады. Қаламызда да тонналап, қаптап алатындар жиі кездеседі. Әзірге таусылып тұр. Жақында тағы да келеді деп күтудеміз. Алдын ала тапсырыс беріп жатқандар да бар.
– Жасыратыны жоқ, біз де қыс қақап кеткенде осы көмір ғана жан сақтайды. Көмір жағу мезгілі басталған сәттен бағасы өсіріп жіберу жоқ. Қазіргі карантин уақытында барлығына түсіністікпен қараймыз. Біз бірінші елдің жағдайын ойлаймыз. Мүмкіндігінше тұрғындарды толыққанды қамтамасыз етуге тырысамыз, – дейді қойма қызметкері Ринат Оспанов.

Бағаның  бағамы
Көмір қоймасындағы ең қымбат Шұбаркөл көмірінің тоннасы 15500 теңгеден. Ал, төменгі бағадағы көмірдің тоннасы 14500 теңге. Бір қызығы, мұнда Майкөбен көмірін көп алдыртпайтынын айтады. Өйткені, өздігінен жанып кететін қасиеті бар көрінеді. Бір тоннасы 15000 теңге. Сондай-ақ, Қаражира көмірінің көпшілік сұранысына ие екенін келушілерден білдік.
Қалада монша кәсібін қолға алған Ержан есімді тұрғын қойманың тұрақты тұтынушысы.
– Өзім осы кәсіпті бастағалы бері осы қойманың тұрақты тұтынушысымын. Қыс айларында аптасына кейде күніне келіп қаптап алып кетемін. Газ кіргізгенше дейін көмір жағамыз. Өзіме Шұбаркөл көмірі ұнайды. Жануы да, жылытуы да жақсы. Тез жанады, тез қыздырады,- дейді кәсіпкер.
Қоймадағы көмірдің қабы 1000 теңгені құрайды. Ал, Қорқыт ата көшесі бойында орналасқан көмір сатушылар жылу маусымы басталғанда бағасын екі есеге көтеріп жіберетінін тұрғындар уәжінен байқадық. «Қыркүйек айынан бастап жылуды қосамыз. Үйде кішкентай балалар бар. Оның үстіне үй тез салқындап кетеді. Сондықтан барынша көмірді үнемдеп пайдалануға тырысамыз. Несін жасырайын, шырағым, алып-сатарлардан әлі күнге дейін сатып аламыз. Дегенмен, тұрақты тұтынушы болғандықтан, бағасын төмен түсіріп беретіндер де бар,– дейді қала тұрғыны Набат Бисенбаева.
Темір жол маңындағы көмір қоймасы қызметкерінің сөзінше, жылу маусымына дайындық тамыз айынан басталады. Соңғы ек-үш жылдықта жерлестеріміз көмірден тапшылық көрмеген.
Тілші түйіні
«Қыстың қамын жаз ойла» деп тегін айтпаса керекті. Жаның жылып, тәнің тоңбауы үшін осы бастан қарекет жасаған абзал. Өйткені, қарекет қылған қапы қалмайтынын қазақ тегін айтпаған.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
08 қыркүйек 2020 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 428 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам