Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бәрінен де мал баққан озады

Бәрінен де мал баққан озады

Ет – қазақтың ұлттық тағамы. Ет жемейтін қазақ жоқ. Қазаны оттан түспейтін, қонағы келсе, қой соятын қазақ үшін соңғы кездері ет қатқа айналды десек артық айқанымыз емес. Ет бағасы неге қымбат? Сауалдың жауабын зерттеп көрдік.  Осы мақсатта мал базар мен ет сататын дүкендерге бас сұғып, кәсіпкерлермен де сөйлестік.         
Қарапайым ғана қаладағы мал базарында уақ мал және ірі қара малдарының бағасы сатушылар үшін «су тегін» алушылар үшін асқақтап тұр. Мәселен, қой бағасы 40 мыңнан басталса, зеңгі баба ұрпақтары 200 мыңнан жоғарыны көрсетеді. Баға тұқымы мен қоңына байланысты. Жылқы 250-300 мың шамасынан басталып, асыл тұқымдылары миллионға жетіп жығылады екен. Базар іші азан-қазан. Бір-біріне қауқылдасып, қол алысқан ер азаматтарды көресіз. Әр сатушыға бір барып, баға көріп жүрген Ержігіт есімді тұрғынды сөзге тарттық.
– Мен малды бордақылап, жілікке сатамын. Кәсіппен айналысып келе жатқаныма 10 жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт аралығында мал бағасының төмендейтін бір кезі бар. Ол тамыз бен қыркүйек арасы. Осы кезде баласын оқуға түсіремін деген ата-ана үйіндегі соңғы малын да сатады. Базарда сатылатын мал басының күрт көбеюі бағаны сәл де болса арзандатады. Ет бағасына келер болсам, әрине, қымбат. Неге? Өйткені еңбегі қиын. Қазір жастардың көбі ауыл шаруашылығын меңгеруге құлықсыз. Барлығы таза жерде, «креслода» отырғысы келеді. Сондықтан бұл саланың кешеуілдеуіне әкеледі, - дейді Ержігіт Қалымбетов.
Ағамыздың оймақтай ойында үлкен мәселе жатқанын аңғаруға болады. Қаланың орталығында орналасқан «Сұлтан» сауда үйінің ет сататын бөлігіне бас сұқтым. Кіргеннен, сатушылар «келіңіз» деп шулап қоя берді.
– Сәлеметсіз бе! Ет қашан келді?
– Бүгін таңертең әкеліп тұрмын. «Свежий», өзің байқап тұрған шығарсың. Ненің еті қажет? Қанша тартайын?
– Бағаларын білейін деген едім.
– Анау тұрған сиыр етінің келісі  – 1800-ден, жылқы еті – 1900, егер қазыға алатын болсаң 2500-ден болады. Қайсысы керек?
– Қай жақтың өнімі екен? Басқа өңірлерден келе ме?
– Қызылорданікі  ғой, жақын аймақтағы ауылдың еті. Көбінесе Сырдария және Шиелі аудандарынан келеді.
– Мм. Мына кісілерді көріп шығайын.
– Оның несін көресің?!  Ала берсеңші менен. Бәрібір барлығында  баға осындай.
Ауыл – таза ауа, табиғи өнімдердің отаны. Қолдың сүті мен айраны, күбіге піскен майын айтсаңызшы! Бүгін де  жастар жаңашылдыққа ұмтылады.  Жақсыны көрмекке, бірақ өткенді ұмытуға әсте болмайды. Ата кәсіпті дөңгелетіп, нәпақасын тауып жүргендер бар. Алайда әзірге ауыл шаруашылығы саласының бейнетін көріп жүргендер тек аға буын.
Маржан ӘШІРАПБАЕВА
08 қыркүйек 2020 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 428 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам