Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Азық-түлік бағасы бақылауда

Азық-түлік бағасы бақылауда

    Қай заманда да адам баласына қалыпты өмір сүру үшін әуелі азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек пен күнделікті тұтынатын қарапайым ғана тұрмыстық тауарлар ауадай қажет. Оның ішінде, әсіресе, азық-түліктің бағасы қолжетімсіз болса, тұрмыстың да берекесі қашатыны айдан анық. Айта кетейік, бұған дейін осындай кемшіліктің алдын алу мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрық шығарып, сатылымдағы өнім бағаларын осы бұйрық аясында реттеуді тапсырғаны белгілі.
         Осы орайда қолданыстағы заң талаптары негізінде сала мамандарының қатысуымен облыс орталығында орналасқан ірі сауда үйлері мен әлеуметтік дүкендерге шолу жасалып, рейдтік шара өтті. Рейдтік топ мүшелерінің қатарында қала әкімінің орынбасарыБектас Нұриддинов те болды. Шара барысында сауда нысандарының басшылары мен сатушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерден аспау талаптары бойынша ақпараттық-түсіндірме жүргізілді. Сондай-ақ, тұрғындарды қала бойынша ең төменгі бағада сататын дүкен нүктелерімен таныстыру, құлақтандыру мақсаты да көзделді.
         Алдымен, рейдке қатысушылар "Мирас" сауда үйінің ауласындағы қоймаға бас сұғып, ондағы азық-түлік бағасымен танысты. Байқағанымыздай, мұнда қырыққабат – 110-115, сәбіз – 70, қызылша мен тұрып – 100, картоп – 70-75, пияз 50-55 теңгеден сатылуда.
         – Нарықтағы тауар бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу үшін азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіп келеміз. Бұл бағытта қалалық әкімдікпен меморандум жасалды. Халық үшін тиімді баға жолға қойылған. Біздегі баға базар мен қаладағы өзге дүкендерге қарағанда 10-15 пайызға арзан, қалтаға қонымды. Сондықтан тұрғындар бізден молынан алып кетіп жатады. Оның үстіне өнім тез өтіп кететіндіктен біздің қоймада тұрып қалған, үсіп кеткен секілді жеуге жарамсыз өнімдер болмайды. Бәрі балғын, таза күйінде сатылуда, – дейді "Мирас" сауда үйінің қожайыны Гүлшат Алтайбаева.
         Расында, күнделікті тұрмыста азық-түлік бағасының жөн-жосықсыз қымбаттауына жол бермеу – басты мақсат. Әсіресе, тұрғындар жиі тұтынатын картоп, жуа, ұн, нан, макарон өнімдері, ет, сүт пен көкөніс бағасы қолжетімді болуы халық үшін үлкен көмек.
         Ал, "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорыны "Алтын қамба" АӨК ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру қорының үйлестірушісі болып табылады. Қазіргі таңда қор қоймасында қант, күріш, сәбіз, жуа, өсімдік майы ұн секілді 7 түрлі өнім сақтаулы тұр. Аталмыш серіктестіктің бас маманы Нұрсұлтан Құдайбергеновтің айтуынша, қаладағы Ақмешіт, Коммунизм, Саяхат, СПМК-70, Тасбөгет секілді аумақтарда осы тектес 15 шақты әлеуметтік дүкен ашылып, халыққа тиімді бағада қызмет көрсетуде.  
         – Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік санаты іріктелген. Олардың бағасының тұрақты болуын жергілікті атқарушы органдар үнемі назарда ұстап отыр. Ал, біз өз кезегімізде Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің қағидаттарына сай жұмыс жасаймыз. Бүгінде бағаны саудагерлер тарапынан негізсіз және күрт өсіру әрекетін тыю мақсатында тұрақты шаралар қолға алынуда, – дейді ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінің бас маманы Алмасхан Мәдиев.   
         Айта кетейік, сала мамандары қалада орналасқан ірі сауда орындары мен базар орталықтарында азық-түлік өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторингтік сараптама жасап, тиісті шараларды жүзеге асырып келеді.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.   
29 қаңтар 2019 ж. 1 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам