Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Елімізде консервіленген балық пен уылдырық өндірісі бірден үш есе артты

Елімізде консервіленген балық пен уылдырық өндірісі бірден үш есе артты

2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында дайындалған немесе басқа әдіспен консервіленген балық, уылдырық және оны алмастырушылардың өндірісі 15,6 мың тоннаға жеткен – бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,1 есе көп. Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Балықтың үштен екі бөлігіне жуығы (64,2%) Атырау облысында шығарылады: 10 мың тонна, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бірден 40,6 есе көп. Көшбасшылық еткен аймақтар «үштігіне» сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы (2 мың тонна, плюс 11,7 пайыз) және Түркістан облысы (1,8 мың тонна, плюс 57,1 пайыз) кіріп отыр.
Балық, шаянтәрізділер және ұлуларды қайта өңдеу және консервілеу ақшаға шаққанда 13,6 млрд теңгені құраған. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы балық саласының мұқият бақылауды талап етіп отырғанын атап өткен. 1 қарашаға дейін әкімдіктермен бірлесіп балық шаруашылығын дамыту бағдарламалары әзірленіп, аймақтық индикаторлар шығарылады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша, қазақстандық компаниялар қайта өңделген және консервіленген балық, шаянтәрізділер мен ұлуларға деген сұранысты 62,6 пайызға қамтамасыз етті (былтырғы көрсеткіш – 40 пайыз). Бұл кезеңде өндіріс өткен жылмен салыстырғанда үш еседей, 42 мың тоннаға дейін өскен. Импорт көлемі – 37,4 пайыз, ал экспорт көлемі – 16,8 пайыз болды.
14 қыркүйек 2020 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 426 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам