БАЛЫҚ ЗАУЫТТАРЫ ЕУРОПАЛЫҚ САПА СТАНДАРТЫМЕН ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ
Облысқа бөлінген лимит негізінде балықтың 14 түрі ауланады. Нақты кезеңде облыста 8 балық зауыты жұмыс жасайды. Балық өңдеу зауыттарының жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асады. Оларда 500-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Балық зауыттарының 3-і Еуропалық сапа стандартына сәйкестігін растайтын «Еурокод» санын алған.
Облыс аумағында негізінен балық өнімдерін экспорттаушы 5 мекеме бар. Осы жылдың 9 айында 2335 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды.