Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Неге театр ашылды, ал кинотеатр жабық? Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді

Неге театр ашылды, ал кинотеатр жабық? Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді

Карантин шектеулері жеңілдетілген соң қазақстандықтарға театрларға баруға мүмкіндік берілді, алайда кинотеатрлар әлі де жабық, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
16 қыркүйектен бастап театрлар қайта ашылады. Алайда орындар 50 пайызға дейін ғана толу керек және 50 адамнан аспауы тиіс, келушілер infokazakhstan.kz порталында тіркеледі және маска тағу режимі, әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс.
Бұл ретте даладағы кинотеатрларды қоспағанда, кинотеатрлардың қызметіне әлі де тыйым салынады.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, мәдени-бұқаралық іс-шаралар жабық кеңістікте физикалық қашықтықты сақтау мүмкіндігі шектелетін, адам көп жиналатын жер дегенді білдіреді. 
Коронавирус инфекциясының ауа арқылы берілу жолын ескере отырып, кинозалдарда жеткілікті ауа алмасуды және микроклиматтың нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету қажет.
«Театрларда көрермендерді бақылауға болады, олар қаралады. Олардың өз орынында отыруын байқау мүмкіндігі бар. Ал кинотеатрларда жарық сөндіріліп сеанс басталғаннан кейін зал бақыланбайды, адамдар еркін қозғала алады, ауысып отырады. Бұл тәуекел.
Сонымен қатар, театрларда бір бөлімнің ұзақтығы 40-50 минут, ал кинотеатрда фильм екі сағатқа дейін созылады», – деп түсіндірді Байтанаев.
Сонымен қатар, ол адамдар әлеуметтік қашықтықты және маска тағу режимін қатаң сақтауды жалғастырса және эпидемиологиялық жағдай жақсара берсе, кинотеатрлар да жұмысын қайта бастай алатынын айтты.
19 қыркүйек 2020 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 531 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам