Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Білім ордасы игілікке берілді

Білім ордасы игілікке берілді

Қала күні қарсаңында қызылордалықтар тағы бір қуанышты жаңалықтың куәсі болды. Жаппасбай батыр көшесіндегі №282 мектеп-лицей ғимараты пайдалануға беріліп, тұрғындар көкейіндегі көптен күткен мәселе шешімін тапты. Білім ұясының ашылу салтанатына аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, тұрғындарға ақжолтай тілегін білдірді.
Бұған дейін шағын аудандағы мектеп тапшылығы қала әкімінің есеп беру жиынында жиі көтерілетін мәселе еді. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында 2018 жылдың сәуір айында жаңа білім ұясының қабырғасы қаланған-ды. Мұндай игі қадам тұрғындарға үлкен үміт сыйлап, құрылыс жұмысының бітуін асыға күткен. Мердігер мекеме «Ария-Жаңа Астана» ЖШС құрылыс жұмысын сапалы жүргізу үшін қажетті ресурстарды тиімді пайдаланып, белгіленген межеде бітірді. Нәтижесінде, замануи мектеп-лицейде оқушылардың сапалы білім мен тәрбие алуына барлық жағдай жасалды. Бастауыш сыныптар, география, биология, химия, физика, өзін-өзі тану, мультимедиа кабинеттеріне интербелсенді тақталар орнатылып, ғаламтор желісіне қосылған. Сондай-ақ зертханалық кабинеттер жабдықталып, спорт алаңдары қажетті құралдармен толық жасақталды.
Мектеп құрылысы жүр­гізілген Жаппасбай­ батыр көшесінде бірнеше жылдың төңірегінде қоныстанушылар саны артқан көрінеді. Себебі шет аймақтағы оқушылардың енді қала орталығына қа­тынамай, үй маңын­дағы мектептен білім алуына мүм­кіндік туды. Мектеп 600 балаға бар­лық қажеттілікті өтеу­ге қауқарлы. Сала ма­мандарының сөзінше, бұл көрсеткіш мөлтек ау­дандағы мектеп тап­шылығын жоюға жет­кілікті көрінеді. Ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы алдағы уақытта өзге де ықшам аудандағы мектеп тапшылығы мәселесін шешу кезең-кезеңімен қолға алынатынын жеткізді.
– Балаларға жағдай жасаймыз десек, алдымен мектеп жеткілікті болуы қажет. Екінші, мектепте сапалы білім беру керек. Осы аумақта мектеп құрылысы өзекті мәсеге айналған еді. Сондықтан құрылыс жұмысы қолға алынды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді халық даналығы. Қала күні қарсаңында жаңа мектептің табалдырығын аттаған оқушылар алған білімін өмір жолында игі мақсатта пайдалануға жол ашылсын, – деді облыс басшысы.
Елдің екі жыл күткен берекелі мектебі осылайша балаларға есігін айқара ашты. Ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Ыңғайлы орын, қауіпсіз аймақта орын тепкен нысанның игілігін көретін күннің туғанына дән риза
– Бүгін міне, көптен күткен білім ордасының ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Мектеп қашанда тәрбие мен білімнің ордасы деп білемін. Сондықтан бүгін балалармен бірге ата-аналар қауымы үшін де үлкен қуанышты күн. Бұрын балаларымыз алыс аумақтағы мектепке қатынап оқитын. Қыс мезгілінде алаң күшейетін еді. Енді үй жанынан ашылған мектепке барып, көңіліміз жайланатын болды. Осындай білім ордасының іргетасын қалауға ықпал жасаған азаматтарға алғысымыз шексіз, – дейді Жаппасбай батыр көшесінің тұрғыны Салтанат Аймаханова.
Шынымен, мерейлі күнде тұрғындардың қуанышы еселенді. Қала күні қарсаңында мәдени-демалыс нысандары қайта жөндеуден өтсе, жаңа мектеп құрылысы қызылордалықтарды ерекше серпілтті.
Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ
26 қыркүйек 2020 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам