Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыр елінде «Абай» операсының тұсаукесері өтті

Сыр елінде «Абай» операсының тұсаукесері өтті

Бүгін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының тұсаукесері онлайн түрде өтті.
«Абай» операсы Сыр елінде тұңғыш рет сахналанып отыр. Операның қоюшы режиссері Шымкент қалалық опера және балет театрының режиссері әрі солисі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Қайрат Құлыншақов.
Басты рольді облыстық филармония әншісі Айдос Иманжаппаров сомдады.
Қойылымда облыстық филармонияның, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртістері, камералық оркестр, «Томирис» би ансамблі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің «Ән салу» бөлімінің студенттері мен аралас хор ұжымынан құралған 100-ден аса өнерпаз өнер көрсетті.
Қойылым облыстық филармониясының камералық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Дирижері «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев.
Елде енгізілген карантин талаптарына орай тұрғындар «Абай» операсының көрсетілімін «Qyzylorda» телеарнасы мен Youtube әлеуметтік желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналы арқылы тамашалай алады.
28 қыркүйек 2020 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам