Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Медиация институтын насихаттау

Медиация институтын насихаттау

«Жақсының қасиеті- жарастыру, жаманның қасиеті-таластыру» деген аталы сөздің тек жақсылыққа қарай қадам басып келе жаткан еліміздің құқықтық  саясатын одан әрі жетілдіру үшін маңызы зор.
          Ата-бабаларымыздың осы сөзінің жаны бар екендігіне көз жеткізген Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 19 қараша 2009 жылы өткен  судьялардың Х сьезінде « сот тәртібімен қаралуға жататын даулардың санын оларды шешудің  балама тәсілдерін, соның ішінде татуластыру процедурасын және медиацияны енгізу арқылы қысқарту өте маңызды. Бұл біздің әділ сотқа қалпына келтірушілік сипат беретіне анық» деп атап көрсетіп, 28 қаңтарда 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» Заңының алғы шартын жасаған еді.
          28 қаңтар 2011 жылы «Медиация туралы» Заңының қабылдануы Қазақстанда қалпына келтірушілік әділ сотты дамыту бағытында жасалған қарымды қадам болып табылады.
          Медиация-/латын тілінен mediation-делдалдық,ағылшын тілінде- mediation/-дауды шешу жолында тараптардың өзара әрекетке түсуін жүзеге асыратын кәсіби медиатордың көмегімен және ерекше іс жүргізу жағдайлары бойынша дауды шешудің мүмкіндігі мол. Қарапайым тілмен айтсақ, екі дауласушы тарап, олар сотқа жүгінгеннен гөрі кәсіби медиаторға баруды жөн деп санайды, өз кезегінде медиатор оларды тындап, дауды шешудің оңтайлы жолын ұсынады. Жалпы, медиация өз бастауын көне заманнан алады. Оның ішінде өзіміздің тарихымызға көз салатын болсақ бүгінгі таңдағы медиаторлардың атқарып отырған жұмыстарын дауларды шешу,екі жақтын мүддесін қанағаттандыру және т.б жұмыстарын сол кездегі билер алқасы жүзеге асырған.
          Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы  шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапынан да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың даушылық деңгейін төмендету болып табылады.
          Жалпы, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтық істер бойынша медиация тәртібімен татуласу  практикасы кеңінен белес алып жатқандығы  байқалады.
          Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2019 жылдың 12 айында 16 азаматтық іс және 691  талап арыз (арыз, шағым)  түсіп қаралып аяқталған.Оның ішінде :бітімгершілікке келуіне байланысты 6 іс,партисипативтік тәртібімен 1 іс және медиация тәртібімен 38 азаматтық іс қаралып,аяқталған.
          Медиация тәртібімен аяқталған азаматтыщ іске тоқталсам.Мысалы: ерлі-зайыптылар 3 шілде 2014 жылы заңды некеге тұрған.Осы ортақ некеден 6 маусым 2014 жылы туған ер бала және 7 наурыз 2017 жылы туған қыз балалары бар.2019 жылы 7 сәуірінде отбасыдағы ұрыстан соң балаларды шешесі алып кетіп қалғаны анықталған. 2019 жылы  17 сәуірде некені бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Осы аралықта аз уақыт болсада балалардың әкесі өзінің баларымен кездесіп тұрған. Сонымен қатар, Арал аудандық білім бөлімінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен әр айдың сенбі-жексенбі күндері сағат 10:00 ден 18:00-ге дейін балалармен кездесіп тұруға уақыт белгіленген. 6 маусым әкелері ұлының туған күніне орай Қызылорда қаласынан  тапсырыс бойынша тәттілер алдырып шаңырағында дастархан жайып, ата-әжесімен бірге тойласын деп ойлаган. Алайда бұрынғы келіншегі бермей, уәкілетті органның шешімімен келіспей, ұрыс-керіс шығарған. Сотта талап қоюшының талабы кәмелетке толмаған балаларын әр айдың бірінші және үшінші апталарының сенбі күндері сағат 10:00 мен 18:00 аралығында әр айдың екінші және төртінші апталарында сенбі күні сағат 15:00 женсенбі күні сағат 18:00-ге дейін қонуға сұраған.
          Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 4 шілде 2019 жылғы дауды жанжалды, медиация тәртібімен реттеу туралы келісімен бекітіп іс жүргізуді тоқтату туралы үйғарым қабылдаған. Осылайша екі тараптардың шиеленіс деңгейін төмендетіп және даудың екі жақты да қанағаттандыратын шешіміне қол жеткізу болып табылды.
          2019 жылы 21 қарашада Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және Қызылорда қалалық әкімдігі келісімімен қалалық әкімдігінің жанынан «Отбасылық кеңес» ашылды.        
      Отбасылық кеңестің мақсаты - неке және отбасы институтын нығайту, құқықтық білімдерін жетілдіру және тоқырауға ұшыраған отбасыларға психологиялық тұрғыдан кеңес беру мен отбасылық мәселелер төңірегінде туындайтын мәселелерді шешуде көмек көрсету болып табылады.Аталған отбасылық кеңесте: медиатор, адвокат, психолог, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің өкілдері отбасылық даулардың алдын алу бағытында жұмыстар атқарып келеді.
           Бұған қоса, 2020 жылдың 13 қаңтар күні қаламыздың №172, №176, № 278 мектептерінде  «Дауды сотқа дейін, соттан тыс шешу» комиссиясы құрылды. Комиссияның мақсаты- мектепішілік дау-дамайларды сотқа дейін жеткізбей шешу болып табылады .
          Сондай-ақ, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Медиация кабинеті" және «Отбасы орталығы» ашылған. Орталықта соттың инспектор-психологы тараптармен жұмыс жасайды. Орталықтың мақсаты - отбасын сақтау, қоғамдағы дауласу деңгейін төмендету мақсатында тараптарға отбасылық дауларды татуласу рәсімдерін қолдану арқылы реттеуге көмек көрсету болып табылады.  Сонымен қатар, орталықта сотқа келген балаларға психологиялық зерттеу жүргізіліп, тараптарға психологиялық кеңес жүргізіледі.
          Сондай-ақ, соттың ішкі жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың басынан бері «Болашақ»университеті /колледжі/,Қазақ гуманитарлық заң және  техникалық колледжі, Қызылорда қаласының жоғарғы медициналық колледжі, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғарғы колледжі, «Атамекен»отбасылық,балалар ауылы, Қызылорда облыстық девиантты мінез-құлықты арналған мектеп интернатында кездесулер өткізілді. Кездесу барысында, кәмелетке толмағандардың арасындағы әкімшілік,қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алуы, «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізгі» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының сот жүйесіне қатысты бөлігінде көрсетілген ақпараттық-жұмыстарымен, «Отбасылық сот», «Татуласу сотқа дейін,сотта» пилотттық жобаларымен таныстырылды. Медиация бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымен, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі,оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейіміз.
         
                                                                   
                                                                     Қызылорда облысының кәмелетке
                                                                     толмағандардың істері жөніндегі
                                                                     мамандандырылған ауданаралық
                                                                     сотының төрағасы Қ.Абдуллаев
02 қыркүйек 2020 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам