Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Үш тәулік бұрын жоғалған азаматты тапты

Үш тәулік бұрын жоғалған азаматты тапты

Жоғалған азамат  - 32 жастағы  Қызылорда қаласының тұрғыны жүйке ауруымен есепте тұрады.   
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Төсбөгет полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қасым Серіковтің айтуы бойынша, 29 қыркүйек күні сағат 00:47 шамасында қаланың 53 жастағы тұрғынынан  ұлының үйден шығып, жоғалып кеткендігі туралы  хабарлама  түскен.
Баласын тауып беруді өтінген  анасының айтуынша  жүйке ауруымен есепте тұратын ұлы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Жоғалған адамның жағдайын ескере келе, полиция бөлімінің жеке құрамы толықтай іздеу жұмыстарына кірісті. Бірнеше мобильдік топтарды құрып, жақын аймақтарды  тінтіп шықты.     
Үш күнге созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған азамат  Сырдария ауданы, Шаған ауылының тұсында тасжолдың бойында  табылды. Полицейлер оны сарыла күтіп отырған анасына аман – есен жеткізді.
Полицейлердің тез арада бағыт бағдар алып, ұлының аман-есен табылғанына ризашылығын білдірген ақ жаулықты ана сақшыларға сәттілік тіледі.
    Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
05 қазан 2020 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам