Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Абайға маңыз берген мақала

Абайға маңыз берген мақала

Абай әлемі – адамзатқа ортақ құндылық. Данышпан тұлғаның болмысы мен танымын дөп басу келешек ұрпақтың бағдарын қалыптастыру, болашаққа сенімін нығайту тұрғысында орасан маңызға ие. Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы хакімнің мерейтойы қарсаңында маңызды пікір бедеріне айналып отыр. Мақалада Абай Құнанбайұлының шығармашылық ізденісінен бөлек, қоғамдағы теріс үрдістер мен жат әдеттің себебі мен салдарын айқын таныған көрегендігі орайлы келтірілген. Сонымен қатар, Елбасы ақынның шығармашылық мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жол сілтер темірқазыққа айналарына сенім білдіреді.
Мақалада Тұңғыш Президент ақынның адамзатты бауырмалдыққа үндейтін көзқарасына ерекше тоқталып, өмір жолында аталған ұстаныммен мазмұндас оқиғаны былайша еске алады: ««Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…». Бұл – Абайдың мәңгі жасайтын қағидасы. Мұның ғажайып үлгісін мен қаршадайымнан көзбен көріп өстім. Шамалған ауылында зұлмат заманның тауқыметін тартып, сонау жер түбінен еріксіз қоныс аударып келген түрлі ұлт өкілдері жапсарласа күн кешіп, қоян-қолтық араласа өмір сүрді. Олардың арасында месхет түріктері, чешендер, ингуштар, украиндар, немістер, қарашайлар бар еді. Біз өзіміз құралпы басқа жұрт балаларын еш жатсынбай, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай сезініп, құлын-тайдай тебісе жүріп жетілдік. Ал әкем Әбіш болса, түріне қарасаң таулық, тіліне қарасаң қазақшадан айырмасы шамалы бір малқар (ол кезде балқар деуші еді) отбасын үйімізге әкеп паналатып, жұмысқа орналастырды. Ішкен асымыз, жасаған тірлігіміз, көрген қызығымыз, шеккен қиындығымыз ортақ болғандықтан, тез арада туысып кеттік. Осындай ортада өскендіктен, адамзат баласын алаламайтын мінез бойыма ерте дарыды-ау деймін».
«Абай аманаты» атты мақаласында Елбасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымы мен бағыт-бағдарына қолдау білдіріп: «Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеген Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, Шығыстың да, Батыстың да тілдерін меңгергендігін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым.
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын ХХІ ғасырға қарышты қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі саяси, экономикалық және мәдени жетістіктері аясында атап өту туралы шешім қабылдады. Бұл менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларымда қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың заңды жалғасы және Абай мұрасын заман сұраныстарына сай қайта зерделеудің маңыздылығын білдіреді» деп ерекше тоқталады.
Сондықтан Тұңғыш Президенттің «Абай аманаты» атты мақаласы қазақ руханиятын дәріптеуге, дана тұлғаның өміршең еңбегін жастарға насихаттау бағытында құнды пікір екені даусыз.
Ұлықбек  Тәңірбергенов,
Қалалық мәдениет үйлері клубтар және халықтық ұжымдар МКҚК бөлім меңгерушісі
07 қазан 2020 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам