“Бұл мектептен әлі талай мықтылар шығады”

№1 Қ.Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназия директоры:
Қаламыздағы №1 Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназиясының ғасырлық тарихы келешек ұрпаққа өнеге болатындай және жастарды отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелейтіндей құндылықтарға ие.
№497 қаулы
Жүз жылдан аса тарихы бар №1 мектеп-гимназиясының іргетасы 1918 жылы қаланған. Алғаш Ақмешіт қаласында тұңғыш ұлдар мұсылман мектебі ретінде ашылады. Содан кейін 1920 жылы Герцен атындағы татар және қырғыз (қазақ) мектебі болып бөлінеді. Аталған білім ордасы түрлі кезеңдерді бастан өткізеді. Ол 4 жылдық бастауыш қазақ мектебі болуды. Онда ер балалармен қоса қыздар да оқыды. Одан кейін жеті жылдыққа ауысады. Осылайша, 1936 жылы жергілікті атқару комитетінің ұйғарымымен 7 жылдық 1 Май мектебі аталады. 1991 жылы оқу ошағына қала әкімшілігінің шешімі бойынша лицей атағы беріледі. Ал 2003-2004 оқу жылында мектеп ұжымы мен оқушылары үшін ерекше жыл болды. Себебі білім ордасына гимназия статусы беріліп, оған жазушы-драматург, сатирик осы мектептің түлегі Қалтай Мұхамеджановтың аты берілген.
Бүгінгі күнге дейін білім ордасына 27 директор басшылық еткен. Тарих парақтарын зерделеп көрсек, оқу ордасын әр кезеңде басқарған Ахмет Пірназаров, Әлкен Иманбаев, Қалтай Мұхамеджанов сияқты белгілі есімдер бұл күнде ұрпақ жадында жаңғырып тұр деп айта аламыз. 2015 жылдан бері мектеп директоры қызметін Данабек Әбдірайымов атқарып келеді.
– Үлгілі білім шаңырағының бүгіні де игі істерге толы, болашағы да жақсы үміт ұялатады. Бүгінде оқушылар жақсы білімімен республикалық деңгейде алдыңғы орыннан көрініп отыр. 102 жыл ішінде мектептен мыңдаған шәкірт өмірге жолдама алды. Олар облыста, республикамыздың әр аумағында, тіпті шетелдерде абыройлы қызмет етуде. Мектеп ардагерлеріне, есімдері елге белгілі ғалымдарға, қайраткерлерге, абзал азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Бай тарихы бар мектептің қызметі алда да жемісті болатынына сенімім мол. Ел ертеңі – білімді жастар. Алға қойған мақсатымыз көп. ХХІ ғасыр рухы мықты жеке тұлғаларын қалыптастыруда оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын ұтымды ұйымдастыруға мән беруге тиіс. Талай талантты шәкіртке тәлім берген мектептің ұстаздар қауымы әрдайым ізденіс үстінде. Олар болашағынан зор үміт күттіретін саналы, парасатты ұрпақ тәрбиелеу ісіне ерекше мән береді, – дейді мектеп директоры.
Мектепті 27 директор басқарса, оның 7-уі ұлы Отан соғысына қатысқан. Ахмет Пірназаров бастаған «1 Май» мектебінің ер мұғалімдері Отан қорғауға аттанады. Соғыстың кесірінен мектеп білікті ұстаздарынан айырылып, жоғары сыныптары жабыла бастайды.
Тарихи мектептен қаншама шәкірт түлеп ұшты. Олардың қатарында есімі елге белгілі тұғырлы тұлғалар бар. Атап айтқанда, олардың қатарында еліміздегі білім мен ғылым, өнер мен мәдениет, қоғамдық-саяси өмірінің дамуына елеулі еңбек сіңірген мемлекет қайраткері, белгілі академик Шахмардан Есенов, сөз зергері, жазушы-драматург Қалтай Мұхамеджанов, ұлағатты ұстаз Сейітқасым Жүнісов, медицина саласының майталманы Тұрғанбай Маханов, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір бар.
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №497 қаулысына сәйкес білім ордасына белгілі қаламгер, осы мектептің түлегі Қалтай Мұхамеджановтың аты берілді және гимназия дәрежесіне ие болған.
Сейітқасым Жүнісовтей білім ошағының түлегі қалалық білім бөлімін 16 жыл басқарған. Ұлағатты ұстаз жұмыстан қайтқанда күнде өзі оқыған мектепке соқпай кетпейді екен.
Қазіргі уақытта бұл мектепте 1369 оқушы білім алады. Олардың ішінде білім ордасының мерейін үстем етіп, мақтанышына айналып жүргендер жетерлік. Оқушылармен қатар ұстаздар да республикалық, облыстық додаларда жеңіспен оралуда.

2016-2017 оқу жылында түрлі білім, өнер сайыстарынан, пәндік олимпиада, ғылыми жобалардан жүлделі орындарға ие болып, мектеп мерейі көтерілді. Тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер, оқушылар халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысып, арнайы жүлдеге ие болса, республикалық, облыстық түрлі сайыстардан жақсы жетістік көрсете білді. Қалалық пәндік олимпиададан 18 оқушының 1, 2, 3-орындарға ие болуы жүйелі білімді орынды қолдана білудің нәтижесі. Мектептің ардагер ұстазы Ф.Дауытбаеваның оқушысы Мәден Мадина математикадан облыстық Асқар Жұмаділдаев атындағы арнайы сайыстан 100 000 теңге жүлдені ұтып алды. Бұл – ұстаз еңбегінің ақталғандығын айғақтайды.
Дарын – адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала – асқан таланттың иесі. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. «Бұлақ көрсең көзін аш», – демекші осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.
Дарынды оқушы мен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 8 оқушы жеңімпаз болды. 9 сынып оқушысы Райхан Хабибулла этномәдениеттану бағыты бойынша республикалық кезеңнің ІІ орын жүлдегері атанды.
Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиаданың репсубликалық кезеңіне 11 сынып оқушысы Аманжол Қазынабек математика пәні бойынша жолдама алды.
Робототехника бағыты бойынша түрлі конкурстардың жеңімпаздары 9 сынып оқушылары Әнел Амраева, Нұркәрім Қабылбай, Ербол Махмуд облыс әкімі қабылдауында болды.
Биылғы оқу жылы да жемісті болып басталып жатыр. 2019-2020 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің 32-сі грант иегері атанған.
Білікті мұғалім – мектеп мәртебесі
Бүгінде Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясында 152 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде 2 педагог шебер, 37 педагог зерттеуші, 37 педагог сарапшы, 17 педагог модератор, білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегерлері бар. Мектептегі басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Ұстаз жолы – ұлы жол. Қиыны мен қызығы мол осы жолда талай жылғы еселі еңбегі еленгендер жетерлік. Конституциясының 25 жылдығы төсбелгісімен Ботагөз Сымаханова иеленген. Ал математика пәні мұғалімі Клара Халиқызы білім саласына сіңірген өлшеусіз еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған. Сондай-ақ орыс тілі пәні мұғалімі Сәуле Альденова Қазақстан педагогтер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Үздік педагог – 2017» байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін дипломмен және «Құрметті педагог» төсбелгісімен марапатталған. Республикалық «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі-2020» байқауының жеңімпазы Нағима Ибраева да марапат төрінен көрінді. Қала әкімі Н.Нәлібаевтың сыйақысы мен алғыс хатын алып, мектеп мәртебесін тағы бір асқақтатты. География пәні мұғалімі Кенжегүл Жанділдаева қала әкімінің 150 000 теңге сыйақысын иеленді.
– Жас өрендердің бойында патриоттықты, елжандылықты, отансүйгіштікті дәріптеуде көптеген істерді қолға алып келеміз. Сондай-ақ үзіліс кезінде қоңырау орнына қазақтың күйі ойнайтын болды. Бұл оқушылардың халық өнерінің терең де нәрлі қасиеттерін бойларына сіңіруге жол ашады, – дейді мектеп директоры.
Қарашаңырақ осылайша ұрпақ бойына білім нәрін сіңіруде. Түрлі қиындықтардан өтсе де әлі күнге дейін өз ұстанымын сақтап келеді. Жүз жыл уақыт аралығында талай толағай табыстарға жетіп, ел мақтаныштарын тәрбиелеп шығарған білім ордасы алдағы кезеңде де қуанышты жаңалықтарымен бөлісе бермек.

Жарасхан Қуанышбайұлы
Суретті түсірген:
Нұрболат Нұржаубай
Суретті түсірген:
Нұрболат Нұржаубай