Күріш алқабында болған жанжал

Келіспеушілік кезінде егістік күзетшілеріне белгісіз азаматтар күш қолдану барысында күзетші қызметтік травматикалық қарумен («МР-47») аспанға бағыттап бір мәрте ескерту оғын атқан және күзетшілермен автокөлік басқарып адам қағу деректері орын алған. Дерек бойынша Сырдария
АПб-мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 252-бабымен күзет қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқиға орнында тиісті құзырлы органдардың өкілдері облыстық және аудандық прокуратурасы мен Полиция департаментінің басшылығы жиналған тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, күріш алқабында болған жанжал нәтижесінде азаматша «А.Тоқмағанбетов» ЖШС-нің заңгерін белгісіз ауыл тұрғындары ұрып, дене жарақатын салу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының
2-бөлігі 1-тармағында көзделген «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы қоғамдық тәртіпті сақтамай бұзақылық қылмысын жасау» қылмыстық іс тергелуде.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындылары күтілуде.
Тергеу барысы облыстық прокуратура және полиция департаменті бастығының бақылауында.
Сырдария ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер немесе кәсіпкерлікке кедергі келтіру деректері орын алмаған, қызметкерлер заң шеңберінде өздеріне тиісті міндеттерін атқарды.
Қазіргі таңда, «Асқар Тоқмағамбетов жер» шаруа қожалығы мен жергілікті халық келісімге келді.
Оқиға басында ахуал тұрақты.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі