Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мыңға жуық отбасы баспаналы болады

Мыңға жуық отбасы баспаналы болады

«Нұрлы жер» мемлекет бағдарламасы аясында облыста жыл соңына дейін 75 тұрғын үйдің 987-і пәтері халық игілігіне пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде 1946 пәтерді құрайтын 98 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 815 пәтерлі 20 үй сатып алу құқығынсыз жалға берілсе, 755 пәтерлі 68 үй кредиттік және 10 тұрғын үйдің 376 пәтері жеке компания есебінен салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.
-Облыста тұрғын үй кезегінде 30 мың азамат бар. Оның 12178-і әлеуметтік жағынан осал топтар, 3484-і көпбалалы отбасылар, 11979-ы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшісі және 204-і үйі апатты жағдайда тұрған азамат, 2194-і жетім балалар. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін ашылған жаңа тұрғын үй аумақтарын инженерлік коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 19 жобаның құрылысы жүргізілуде, - деді Арнұр Әлібекұлы.
Айта кетейік, облыста «Шаңырақ» бағдарламасы аясында кезекте тұрған 30 азаматтың төлемі расталды. Бес отбасы баспаналы болды.
14 қазан 2020 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам