Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құранды жатқа және мәнерлеп оқу бойынша қарилар жарысы өтеді

Құранды жатқа және мәнерлеп оқу бойынша қарилар жарысы өтеді


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай елордада 21-22 қазан күндері ІХ республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» қарилар байқауы өтеді, деп хабарлайды muftyat.kz.

Діни басқарманың ұйымдастыруымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтетін байқауда еліміздің барлық өңірінен 74 қари қатысады. Олар Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ, мәнерлеп оқу аталымдары бойынша бақ сынайды, - делінген хабарламада.
Қатысушылардың Құранды жатқа және мәнерлеп оқуын елімізге белгілі қари-ұстаздар, ғалымдар – Кәмілжан Садықов, Сәдуақас Олжабай, Еркінбек Шоқай, Ерсін Әміре мен Жұманазар Садырханов қадағалап, байқауға төрелік етеді.
Құранды толық жаттаған қарилардың үлкені 30 жаста болса, ең кішісі 13 жаста. Ал 10 пара жаттаған қарилардың қатарында 10 жастағы мектеп оқушысы бар.
Елдегі пандемия жағдайына байланысты қарилар байқауын ҚМДБ «Хикмет студиясының» YouTube арнасы мен Halyq Arna телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Сондай-ақ Діни басқарманың Instagram-дағы ресми парақшасынан онлайн-трансляция жасалады.
19 қазан 2020 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 604 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам