Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қауынқақ емес, “чипсы”

Қауынқақ емес, “чипсы”

Өңір ғалымдары қауыннан кәдімгі «чипсы»­ дайындап шығарды. Бірақ көп­шілікке таныс картоп қытырлақтарына қарағанда бұл «чипсы» денсаулыққа әлде­қайда пайдалы көрінеді. Мұндай жаңалықты Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымы Самалбек­ Қосанов ойлап тапқан.
Өз кәсібін ашқан ғалым жаңа өнімді кептірілген бақша дақылынан дайындайды. Тәжірибе жүзінде «чипсыды» екі түрлі формада көпшілікке ұсынуда. Қауын «чипсыларын» дайындау үш кезеңнен тұрады. Алдымен піскен қауын мұқият тазаланып, жұқа тілімдерге кесіліп, үшінші кезеңінде дайын бөліктері 12 сағаттан аса уақыт кептіріледі. Бастысы өнім экологиялық тұрғыдан таза. Кәсіпкердің айтуынша ерекше дәмнен ауыз тиген жандар бұл өнімнің тұрақты тұтынушысына айналуда.
– Қорқыт ата университетінің жаратылыстану институты лабораториясында қауынды кептіріп, қытырлақтың картопты жұқалап кескендей түрін және таяқша тәрізді түрін жасадық. Екеуі де дәмді. Дәмін татқан адам айналып келіп тағы сұрайтынына, қауыннан жасалған қытырлақты аңсап тұратынына кепілдік беремін. Қазір нарықта сатылып жатқан жасанды қытырлақтар адам ағзасына зиян ғой. Бұл  таза табиғи өнім, – дейді ғалым Самалбек Қосанов.
Мұндай өнім шығарумен Өзбекстан елі де айналысады екен. Ал кәсіпкердің ерекшелігі ол жергілікті өнімнен жасайды. Кәсіпкер жастардың қытырлақты көп пайдаланатының байқаған. Содан соң осындай ой туғанын айтады. Ол жастардың дұрыс тамақтануы үшін қауыннан қытырлақ (чипсы)­ дайындауды қолға алған.
Деректерге сүйенсек, қауынның адамға пайдасы ұшан-теңіз. Оның кез келген сортының 100 грамм бөлігі ағзаны бір күндік С дәруменімен қамтамасыз етеді екен. Бұл дәрумен адам ағзасындағы ұлпалардың қалыпты жағдайын сақтауға септігін тигізіп қана қоймай, жара орындарының тез бітелуі мен тіс пен сүйектердің тез қалпына келуіне мүмкіндік жасайды. Қауынның құрамында А дәрумені де молынан кездеседі. Теріңіз бен көзіңіздің қарашығына жақсы әсер етіп қана қоймай, көздің көруін жақсартады. Сондай-ақ, қауынның көптеген түрі В дәруменіне бай. Бұл дәрумен қант пен көмірсуларды өңдіретін болғандықтан денеңіз күні бойына қуатқа толы болады. Ал кептірілген қауын құрамы бұзылмайды, дәл сол күйінде сақталады.
Бұған дейін де бақша дақылдарына түрлі тәжірибе жасап жүрген ғалым нарықта кездеспейтін өнім шығару мен әртүрлі сорттарын егуді де қатар алып келеді. Ауыл шаруашылық саласымен кәсібін сабақтастырған кәсіпкер енді өз кәсібінің көкжиегін кеңейтуге басымдық беріп отыр. «Бизнестің жол картасы 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасына құжат тапсырып, бастамасы қолдау тауып, 2 млн 500 мың теңге қайтарымсыз қаражатқа да ие болып үлгерген.
Бүгінде кәсіпкерге республиканың түпкір-түпкірінен қоңырау шалып, тапсырыс беруде. Алғашқы болып көрші Қырғызстан елі қызығып, тапсырыс берген.
Кәсіпкер бағдарлама аясында түскен қаржыға арнайы құрылғылар алуда. Құрылғылар келсе күніне 200-ден 500 келіге дейін өнім шығаратын болады.
Жарасхан Қуанышбайұлы
Суретті түсірген
Нұрболат Нұржаубай
20 қазан 2020 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам