АУДАНДЫҚ ЖАЗБА АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы міндеттерге орай Сырдария ауданында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
Осы мақсатта Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық клубында облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы мамандарының қатысқан «Жырдан шашу шашайын» атты аудандық дәстүрлі әнші-термешілер байқауында ұмыт бола бастаған халық әндері орындалып, көпшілік көңілінен шықты.
Сонымен қатар, Қалжан ахун ауылдық клубында Қалжан ахун Бөлекбайұлының 155 жылдығы аясында «Ізгіліктің нұрын сепкен – Ахун баба» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша желтоқсан айының 25 жұлдызында ауданға қарасты Ақжарма ауылында ағартушы-ұстаз, халық емшісі Садық ахун Қодарұлының атындағы аймақтық жас ақындар айтысы өтеді деп жоспарлануда.
Жыр додасына еліміздің бас қаласы – Астанадан және Шымкент қаласы мен облыс көлеміндегі аудандардан ақындар қатысады. Айтыстың жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрап отыр.