Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Фонограммаға байланысты заң қабылданды

Фонограммаға байланысты заң қабылданды

Сенат депутаттары мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады.
-Концерттік-ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблема бар. Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнада мас күйінде өнер көрсету үрдісі орын алған, жоспарланған концерттерді бұзу, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей, фонограмманы пайдалануға жол берілген бірқатар фактілер де бар, – дейді Райымқұлова сенаттың пленарлық отырысында.
Осыған байланысты заңнамалық деңгейде орындаушылардың әдепсіз мінез-құлқына жол бермеу бойынша бірқатар міндеттеме енгізіледі. Соның бірі – фонограмманы қолдану туралы алдын ала хабарлау.
«Фонограмманы пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалатын болады. Барлық жарнамалық өнімдер және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді», – деп атап көрсетті Райымқұлова.
22 қазан 2020 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам