Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Биыл 1411 байланыс орталығы миллионға жуық әлеуметтік кеңес берді

Биыл 1411 байланыс орталығы миллионға жуық әлеуметтік кеңес берді

«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 1411 бірыңғай байланыс орталығы биылғы 9 ай ішінде азаматтарға 912 мыңнан астам консультациялық қызмет көрсетті.
Бұл орайда ең көп қойылған сауалдар 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне (400 мыңнан астам), зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға (356 мыңнан астам), сондай-ақ әлеуметтік мекенжай көмегіне (50 мыңнан астам) қатысты болған.
Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі қазан айының соңғы жексенбісіне белгіленген. Бұл күн 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығына сәйкес бекітілді. Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеп жатқан 22 мыңнан астам адамның 2 мыңнан астамы – әлеуметтік блоктың қызметкерлері.
«Корпорацияның әлеуметтік саладағы рөлі тек қана 1411 байланыс орталығымен шектелмейді. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласында төлемдердің 44 санаты бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Соның ішінде декреттік төлемдер, бала туу мен бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер бар», – деді мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.
Айта кету керек, биылғы 9 ай ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік блогының мамандары 20,3 млн төлем жасаған. Кең тараған қызметтерге тоқталсақ, баланың тууы мен бір жасқа дейінгі күтіміне қатысты жәрдемақы – 315 397, бір жасқа дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлем – 206 082, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем – 154 499.
23 қазан 2020 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам