Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 1815 қызылордалық зейнетке шықты

1815 қызылордалық зейнетке шықты

Жыл басынан бері 43 мыңнан астам қазақстандық зейнетке шықты. Биылғы жылдың 7 айында 43 453 қазақстандық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Айта кетейік, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 41 мыңнан астам азамат зейнетке шыққан.
Ал, Қызылорда облысы бойынша биылғы жылдың 7 айында 1815 қызылордалық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. 2019 жылдың дәл осы кезеңінде 1706 азамат зейнетке шыққан.
Зейнеткерлікке шыққандардың арасында Алматы (5 мыңнан астам), Түркістан (4,5 мыңнан астам) және Шығыс Қазақстан (3,8 мыңнан астам) облыстарының тұрғындары көп. Ең төменгі көрсеткіш Атырау облысына тиесілі, онда 7 ай ішінде 1295 тұрғын зейнеткерлікті рәсімдеген.
          Естеріңізге салсақ, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнет жасытолғанға дейін 10 күн бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы беру керек. ХҚО-ға бару үшін алдымен egov.kz порталы немесе eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы кезек уақытын брондауқажет.
Сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында мемлекеттік корпорация eGov.kz порталына электронды өтінішті жіберу арқылы қашықтан зейнетақы тағайындау мүмкіндігін қарастырды.
Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба немесе біржолғы жасырынсөз арқылы egov.kz порталына кіру керек. Содан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Содан кейін жеке ақпарат, оның ішінде электронды пошта мекенжайы, телефон нөмірі, қызмет атауы және т.б. мәліметтер толтырылуы тиіс.
Сондай-ақ құжаттардың сканерленген немесе фото көшірмелерін (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz веб-сайтындағы «Мемлекеттік қызметтер стандарттары» бөлімінен білуге болады), соның ішінде қызмет алушының жеке қолтаңбасыменкуәландырылған өтінішті де жүктеу қажет. Жолданатын тарапбағанында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалын таңдау керек.
Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қойылуы тиіс.
Сұрақтар туындаған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысады.
Мемлекеттік қызмет нәтижесі қызмет алушының жеке кабинетінде көрсетіледі.
Айта кету керек, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдермен базалық зейнетақы төлемдеріне өтініш композит аясында бір өтініш арқылы ұсынылады.
05 тамыз 2020 ж. 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам