ХҚО: Үшінші тұлғаларға анықтамаларды қалай алуға болады?
Бүгін қысқада нұсқа айдарында eGov.kz порталы арқылы үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі туралы сөзетпекпіз.
Сонымен, ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.
Бастапқы бетте көлік және коммуникация бөлімі батырмасын басыңыз – Коммуникациялар – Қызметтер – Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисін таңдап, төмендегі нұсқаулықты орындасаңыз болғаны.
Үшінші тұлғаға порталда авторизацияланып, "Онлайн сұрау" батырмасы бойынша өту қажет.
1 қадам. Электрондық анықтамаға тапсырыс беру қажет жеке тұлғаның ЖСН енгізу және "пайдаланушыны тіркеудің бар болуын тексеру" батырмасын абасу керек. :warning: Назараударыңыз! Пайдаланушы сұрау салуды алған сәттен бастап 2 сағат ішінде сұрау салуды келісу (бас тарту) керек. 2 сағат өткеннен кейін пайдаланушының жауабы саналмайды.
2 қадам. Керек анықтаманы таңдап, ЭЦҚ-меннемесесмс-пароль көмегімен қол қою керек.
3 қадам. Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.
Егер пайдаланушы үшінші тұлғамен электрондық анықтаманы алуын растаса, пайдаланушының атына алынған үшінші тұлға сұраған анықтама пайдаланушының жеке кабинетінде («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде), егер пайдаланушы сұрау салудан бас тартса, пайдаланушының жеке кабинетінде («Кіріс» бөлімінде) үшінші тұлға тиісті ақпараттық хабарламамен хабарланады.