Славян фестивалі

Фестивальге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенді мүшелері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және БАҚ өкілдері қатысты.
Фестиваль басталмас бұрын келген қонақтар қолөнер және кітаптар көрмесін тамашалады. Шара шымылдығы Ресей Бас консулдығы өкілдері экран арқылы жолдаған ізгі тілегімен ашылды.

Славян орталығы біздің облыста және одан тыс жерлерде кең танымал. Орталықтың есебінде көптеген игі істер бар. Бұл фестивальдер, байқаулар, халық мерекелерін өткізу, облыстық және қалалық қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыстарды нығайту, Қазақстандағы гуманитарлық салалардағы Ресей Федерациясының елшілігімен тығыз ынтымақтастық.
Славян қоғамдық-мәдени орталығының күнделікті жұмысының басты мазмұны біздің қоғамдағы достық пен келісімді нығайту, жалпы рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелей отырып, ортақ үйіміздің болашағы үшін жоғары жауапкершілікте болу. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, славян этностарының тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау мен дамыту болып табылады.
Славян этносының фестивалінде әртүрлі жанрларда ән, би, өлеңдер орындалды. Байқоңыр қаласы, Шымкент, Орал өңірінен онлайн құттықтау лебіздер айтылып, бейне шашулары көрсетілді.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі