Неміс этносының мәдени күні өтті
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Неміс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде неміс этносының мәдени күні өтті.
Мәдени күнге облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестік төрағалары мен белсенді мүшелері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара басталмас бұрын келген қонақтар қолөнер көрмесін тамашалады. Мәдени күн аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова неміс этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділерін марапаттай отырып, бірлестіктің жеткен жетістіктерін айтып өтті. «Жақында ғана бүкіл ел мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтті. Мерекенің басты мақсаты Тұңғыш Президенттің жетістіктерін тану, сондай-ақ елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасы бойынша құрылған қоғамды топтастырудың бірегей институты болды, бар және болып қала береді. ҚХА Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің шынайы сақтаушысы.
Біздің елімізде Қазақстан этностарының мәдениетін, тілдерін жаңғырту мен дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Этностардың мәдениет күндері салт-дәстүрмен, тарихымен, тіпті ұлттық ас үйімен жақын танысуға мүмкіндік береді.
Міне, бұл Достық үйінде түрлі этностардың мәдениетіне арналған төртінші шара. Олар облыс тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырады.
Біз тағы да мерекелік атмосферасына, бұл жолы неміс этносының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне қанықтық.
Немістер ежелден өзінің жарқын мерекелерімен, фестивальдарымен, карнавалдарымен танымал. Ән, би, қолданбалы шығармашылық, түрлі - түсті костюмдер - осының барлығы мерекенің көңіл-күйін күшейтті.
Дәстүр бойынша мен орталықтың басшысы Шек Ирина Николаевнаға, оның белсенділеріне қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді»,-деді.
Сонымен бірге, неміс этномәдени бірлесітігінің жетекшісі Ирина Шек бірлестік тарапынан Тереңөзек кентінен келген «Достық» ансамблі, Александра Кокшарова және Константин Луцаны марапаттады.
Неміс этносының мәдени күнінде әртүрлі жанрларда ән, би, өлеңдер орындалды. «Достық» ансамблі кештің көркін келтіріп, «Адажио» би ұжымы одан бетер жандандыра түсті.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі