Полицейлер еріктілерді марапаттады
2020 жыл елімізде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті.
Қоғамдық тәртіпті қадағалау жолында белсенділердің ауқымды істерінің тәртіп сақшыларына көмегі зор.
Мәселен, 26 қазанда Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірігіп жоғалған жасөспірімді 12 сағат ішінде тапты.
Полицияға жоғалған баланың анасынан түскен хабарлама бойынша аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы еріктілермен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ауа – райының қолайсыздығына қарамастан түні бойы полицейлер мен еріктілердің бірлесіп жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесінде жоғалған жасөспірім таңғы уақытта дін аман табылды.
Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Арынов Сәбит осы іздестіру жұмыстарына қатысқан еріктілер Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Дәрібаев Асылханды және кент тұрғындары Кенже Дастан мен Сугуров Қайыржанды марапаттады.
«Бірлескен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бала аман – есен табылып, ата – анасына тапсырылды. Күн – түн демей полиция қызметкерлерімен бірге іздестіру жұмыстарын жүргізген ауданымыздың еріктілері өздерінің азаматтық ұстанымдарын танытт. Оларға алғысыз шексіз» дейді бөлім бастығы Сәбит Арынов.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі