Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Цифрлы Қазақстан — болашаққа бағдар

Цифрлы Қазақстан — болашаққа бағдар

"Пандемия кезеңіндегі цифрландыру: жаңа сын-қатерлер мен үрдістер" тақырыбында онлайн-форум өтті. Zoom қосымшасы арқылы өткен жиынға Сингапур мен еліміздегі бірқатар ұйымдардағы IT саласы мамандарының қатысуымен жоғарғы деңгейде өткізілді.
Цифрландырудың басты міндеті - халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады. Бұрындары кез-келген қағазды алуға күндер, тіпті, апталар да кететін. Бұл процестер бүгінде цифрландырудың арқасында әлдеқайда жеңілдетілді. Қазіргі таңда қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға және шығаруға бірнеше минут ғана кетеді.
Жиынға әр саладан келген қатысушылар өз салаларындағы жаңалықтар мен өзгерістері турасында баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев өз баяндамасында мемлекеттік қызметтер жайында сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңа бастамаларға тоқталды.
Әлем жұртын алаңдатқан пандемия мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшу процесін әлдеқайда жеделдетті. Қазіргі кезде азаматтар үйден шықпай-ақ, кез-келген жерде смартфон мен компьютер арқылы қызметтердің 80%-дан астамын онлайн түрде алуға мүмкіндіктері бар.
Бұрын тұрғындар бала тууына байланысты жәрдемақы мен балабақша кезегіне қою мен "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері жәрдемақы алуы үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп, құжат өкізу қажет болатын. Ал, бүгінде бұл қызметтерді бір ғана СМС-тің көмегімен проактивті түрде алуға мүмкіндіктер жасалынған. Ол үшін бар болғаны тұрғындар мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс.
"Біз мұнымен тоқтап қалмай, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен оңтайландыру бойынша одан әрі жұмыс істейтін боламыз"- деді, филал директоры Айдын Бөкенбайұлы.
Цифрландыру - қазіргі заман талабы. Қазіргі таңда адамзат қауымы күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Ал, оны дұрыс бағытқа қарай бұру өз қолымызда!

29 қазан 2020 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам