Жылқы ұрлаған қаскөйді құрықтады
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне 27 қазанда Жайылма ауылының тұрғыны өткен жылдың қаңтар айында «Шеңгелді» елді мекеніндегі жайылымнан белгісіз тұлғалардың жылқысын ұрлағаны туралы шағымданған.
Аталған арыз бойынша аудандық полиция қызметкерлерімен атқарылған жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысты күдікті анықталып, ұсталды. Ол ауылдың 28 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі