Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жұмыс пен үй арасы...

Жұмыс пен үй арасы...

Онлайн жұмыс. Биылғы жылдың трендтегі «термині» десек те болады. Қазір хал сұрасқан ағайынға жұмыстамын десеңіз, «онлайн ба?» деп қарсы сұрақ қояды. Пандемия басталған кезеңнен бастап үйден жұмыс істеуге көпшілігі үйреніп те қалды. Жо-жоқ, үйренді деуге әлі ерте. Сарапшылардың пікірінше, қашықтан жұмыс істеуге қарсылық білдіретіндер қатары аз емес. Сауалнамаға қатысқан әлем тұрғындары адамдармен бетпе-бет әңгімелесудің жоқтығы жүйкенің саулығына зиянын тигізетінін айтқан.
Айтпақшы, бұл жағдайды америкалық «Cisco Systems» компаниясы жан-жақты зерттеген. Сауалнамаға қатысқандардың 87 проценті болашақта кімнің қалай жұмыс істеуі қалауына қарай ыңғайланса екен деген тілегін білдірген. Сауалнамаға 12 мемлекеттен 10 мыңнан аса адам қатысқан. Сауалнамаға қатысқандардың 63 проценті үйде жұмыс істеудің тиімділігін айтса, 58 проценті күн сайын дене жаттығуын жасауға көп уақыт қалатынын айтып қуанған. Тағы 63 проценті жұмыс пен үй арасындағы жолға кететін уақытты тиімді пайдалануға болатынын атап көрсетіпті. Шынында, пандемия әсерімен цифрлық өмір адамдардың еңбек ету жағдайын түбегейлі өзгертіп жіберді. Нәтижесінде көпшілігі уақытты тиімді пайдалану, жұмысты кеңсеге байлап қоймауға болатынын түсінгенін айтады зерттеушілер.
Алайда барлығының ойы бір жерден шыға бермейтіні анық. Қашықтан жұмыс істеу кейбір адамдарды күйзеліске алып келген. Британдық «Vision Direct» компаниясы да сауалнама жүргізген. Барлығы 2 мың адам қатысқан сауалнамада көпшілігі үйде отырып жұмыс істеу жүйкесіне салмақ болғанына шағым айтқан. Анығын айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 41 проценті үйден жұмыс істеу кезінде өзін қамауда қалғандай сезінгенін жасырмаған. Ал тағы 42 проценті қашықтан жұмыс істегелі жүйкесі сыр бергенін жеткізген. Ал 25 проценті қашықтан жұмыс істегелі жүйкесі тыныш екенін айтса, 20 проценті үйден шықпау денсаулыққа зиян екенін жеткізген. Сауалнамаға қатысушылардың 22 проценті үйден жұмыс істеуден ешқандай ләззат алмайтынын жеткізсе, 34 проценті жұмысын сағынғанын айтыпты. Бір сөзбен айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі бір ғимаратта әріптестермен жүздесіп, пікірлесудің өзі бір бақыт екенін, телефонмен, видеобайланыспен жұмыс істеудің өз қиындығы бар екенін айтқан.
Британдық «Oktra» компаниясы да өзінің 1500 қызметкері арасында сауалнама жүргізген. Сауалнама нәтижесінде үйден жұмыс істеу әсіресе жастарға оңай болмағанын байқаған. Қызметкерлердің 85 проценті үйден жұмыс істеу қиын екенін айтса, 17-34 жастағы қызметкерлердің 90 проценті бірге жұмыс істеу, пікірлесу жетпейтінін, және қа¬шықтан жұмыс істеу қызметтік өсуге кедергі болады деп уайымдайтынын да жасырмаған.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі қашықтан жұмыс істеу адамдардың көп уақытын жұ¬мысқа арнағанын байқатады. Мәселен, белгілі «Гарвард» және «Нью-Йорк» университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша карантин кезінде үйден жұмыс істеу барысында адамдардың жұмыс уақыты 48,5 минутқа ұзарған. Қалай айтқанда да уайымсыз, жаймашуақ күнге не жетсін?!
Дайындаған Г.ДІЛДӘБЕКОВА
03 қараша 2020 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам