Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Цифрлы әлем және коронавирус

Цифрлы әлем және коронавирус

Цифрландырудың қыры мен сырын айтып жүргенімізде, әлемді жайлаған індет цифрлы әлем тұрғынына айналдырды. Қаласақ та, қаламасақ та, тіпті дайындығымызға да, әлімізге де қарамастан цифрлы әлемге еніп кеттік. Себебі, коронавирус цифрландыруды ілгерілетуге итермелегенін мойындау керек.
Цифрландыру індетті жеңуге көмектесетінін және тұрғындардың сын сәттерде дағдарып қалмауына септігін тигізетін бір қадам. Жаңа технологияларды игеру арқылы біз індетті жеңуге және ел экономикасын нығайтуға пайдалана білуіміз қажет. Дүниежүзілік экономикалық форумда сарапшылардың баяндамаларына сүйене отырып, мамандар трендтегі 9 жаңа технология атап айуда.
1. Онлайн сауда және робот тасымал. 2002 жылы Қытайда белең алған атипиялық пневмония (SARS)  онлайн сауданың кеңінен өрістеуіне сеп болды. Сол сияқты коронавирус инфекциясы әлем бойынша онлайн сауданың дамуын жеделдетті. Мәселен, мейрамханалар мен асханалардың онлайн тапсырыспен жұмыс істеуі карантин кезінде әлемнің қай бұрышында болмасын қа­лыпты күндерден бірнеше есеге өсе түскен.
Онлайн сауда үшін сенімді логистика қажет. Сарапшылардың пікірінше курьер қызметі вирус тасымалдауда қауіпсіз деп ешкім айта алмайды. Сол себепті тасымал қызметін ұйымдастыратын компа­ниялар қолдан-қолға беру тәсілін өзгертуге, яғни адамдардың қа­тысуын­сыз ұйымдастыруды қолға алуда. Қытайлықтар бұл орайда роботтандырылған тасымал жүйесін дамытуда. Алайда адамға қолайлы болу үшін қалай жүзеге асу керек? Санитарлық нормасына кепілдік бе­ретін тиімді жүйе керек.
2. Электронды төлем­дер. Қолма-қол төлем вриус тасымалдауы мүмкін. АҚШ, Қытай, Оңтүстік Кореяның ірі банктері қауіпсіздікті сақтау мақсатында түрлі шаралар енгізді. Бүгінде электронды төлемдер мен электронды әмияндар вирус таратпау үшін тиімді әдіс екеніне кеңес берілуде.
Электронды төлем арқылы онлайн сауда жасауға, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге және салық есептемелерін жүргізуге болады. Электронды төлем жасауды бүгінде барша жұрт меңгеріп алды деп айтуға болады. Алайда Дүниежүзілік банктің дерегі бойынша әлемде 1,7 млрд адам әлі де электронды төлемге қол жеткізе алмай отыр. Бұған интернет жетімсіздігі бірден-бір себеп. Бұл мәліметті оқығанда көз алдымызға ұялы телефонмен тілдесу үшін шатырға шығатын шалғай ауылдағы ағайынның жайы елестеді.
3. Қашықтан жұмыс істеу. Ірі ком­паниялар қызметкерлеріне үйден жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Мамыражай уақытта қашықтан жұмыс істеу тәсілін қолданған компаниялар бірен-саран болса, төтенше жағдай уақытында барлығы да бұл жүйеге мойынсұнды. Алайда бұл жұмыс сапасына кедергі келтірген жоқ. Жаңа технологияның арқасында виртуальды конференциялар, бейнебайланыс, ұжымның біріге жұмыс жасауына септігін тигізді. Бұл әдіс коронавирустың таралмауына әсерін тигізумен қатар, жолға кететін уақытты үнемдеуге, қызметкерлер үшін  ыңғайлы жұмыс кестесін жасауға мүмкіндік екенін көрсетті. Дегенмен қашықтан жұмыс істеудің қиындықтары да бар екен. Жұмыс берушіге де, қызметкерлер үшін де ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, техникалық құралдармен қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналды. Сонымен қатар жұмыс барысындағы қауіп­сіздікті қамтамасыз ету, салық төлеу мәселесі де өткір сұраққа айналды. Тіпті, адамның қоғаммен байланыстан тыс қалуы, жұмыс пен жеке өмір тепе-теңдігінің бұзылуы да көкейтесті мәселеге ай­налды. Егер пандемиядан кейін қашықтықтан жұмыс істеу әдісі сақталатын болса, бұл жұмыс беру­шілер үшін арзан жұмыс күшін пайдалануға және ғимаратты жалға алу шығынын үнемдеуге мүмкіндік екен.
Қашықтан жұмыспен қамтуда бірқатар мәселелерді зерттеген мамандар жұмыспен қам­туда тепе-теңдік бұзылатынын айтады. АҚШ еңбек статистикасы жөніндегі бюро 2017-2018 жылдары халықтың 25 проценті қашықтан жұмыс істеген деген мәліметі бар. Сол уақытта жоғары білімді мамандық иелеріне қашықтан жұмыс істеуге орта буын мамандарына қарағанда 5 есе мүмкіндік болған. Ал кейбір салалар үшін (медицина, өндіріс) қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ. Алдағы уақытта цифрлық қызметке сұраныс арта беретін болса, ақпарат алмасу, салық мәселесін қайта қарау қажет дейді мамандар.
4. Қашықтан білім алу. Биылғы жылдың сәуір айынан бастап пандемияға байланысты 191 елде мектептер мен оқу орындары уақытша білім беруді тоқтатқанын хабарлады. Көптеген білім беру мекемелері білім беру процесін үзбеу үшін қашықтан оқыта бастады. Бұл да қашықтан жұмыс істеу жүйесіне ұқсас жағдай. Мұнда да мәселе болмай қалмады. Цифрлы дәуірге дайындық жайы, оның ішінде қажетті техникамен қамтамасыз ету мәселесі білім алушылардың бірдей жағдайда білім алу тепе-теңдігін бұзды. Қашықтан оқыту ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеді. Әсіресе әйелдер үйде қалып, балаларға қарау, оларды оқыту жауапкершілігін мойнына алуы өзінің еңбек қабілетін төмендетті.
5. Телемедицина. Індет тараған тұста адамдарға алғаш көмек көрсету үшін телемедицинаның тиімділігі зор. Телемедицинаны тиімді пайдалану техникалық сауаттылықтың  және тұрақты ин­тернет байланыс қажет екенін анықтап берді.
6. Онлайн мәдениет. Карантин уақытында мәдениет саласы да цифрландыру дәуірін «бастан кешірді». Онлайн концерт, музей, мәдени нысандарды аралау, бәрі-бәрі виртуальды жүзеге асты. Бір айта кетерлігі, осы кезде онлайн видео ойындарға қызығушылар саны күрт артқан.
7. Роботтандыру және дрондар. Корона­вирус індеті бүкіл әлемге қай істе болмасын адами капиталға тәуелді екенінімізді мойындатты. Оның ішінде қол еңбегіне тәуелді кәсіпорындар, азық-түлік өндірушілер, өнеркәсіп, тасымал саласындағы бизнес зардап шекті. Карантин уақыты алдағы уақытта роботтар көмегіне жүгіну, робототехника әлемін әлі де зерттеу қажет екенін дәлелдеді. Соңғы уақыттарда кейбір елдер роботтың көмегіне жүгінді. Мәселен, залалсыздандыру жұмыстарына, карантиндегі адамдарға азық-түлік жеткізу қызметіне пайдалана бастады. Тасымал қызметін сондай-ақ дрондар атқара бастады. Экономикалық форум баяндамаларында көптеген өнім өндіру саласында робот мамандарды пайдалану уақыты келгенін айтқан. Сол себепті  мұндай өзгеріске жұмысшы күшін дайындау қерек.
8. 5G және ақпараттық коммуникациялық технология. Технолоиялық тренд тұрақты әрі жылдам, қолжетімді интернет қажет екенін дәледеп келеді. 5G интернет желісіне қосылу медициналық кеңес беруге, қашықтан бақылау жасауға өте тиімді екенін көрсетуде. Алайда құнының қымбаттығынан бұл әзірге мәселе күйінде қалуда.
9. Цифрландыруға дайындық. Пандемия цифрландырудың маңызын ешкім түсіндірмей-ақ көрсетті. Бәсекеге қабілетті болу үшін әрбір мемлекет цифрландыру инфрақұрылымын жасауға, жаңа технологияларды игеруге дайын болу керек. ВВС мәліметіне сүйенсек, коронавирус әсерінен әлемде шамамен 200 млн адам жұмысын жоғалтады екен. Сонымен қатар қаржы қиындығы қоғамдағы ең осал топтарға әсерін тигізбек. Цифрландыру мен пандемия жаңа жұмыс орнын ашуды тездетуге әсер етпек. Жұмыс күшіне арқа сүйеуді азайту және әлжуаз топтарды әлеуметтік қолдау алдағы уақытта барлық мемлекет үшін де, бизнес өкілдері үшін де үлкен міндет болмақ.

Гүлмира Ділдәбекова
28 шілде 2020 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам