Қызылорда облысы тұрғындарының назарына!

«Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «Five Winds Asset Management» қаржылық пирамидалар тобының қылмыстық әрекетінен 2016-2017 жылдар аралығында елдің барлық аумақтарында мыңдаған қазақстандықтар зардап шекті, оларға келтірілген шығын 1 млрд теңгеден асты.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің тапсырмасына сәйкес, аталған компанияларға ақша-қаражаттарын аударып, салымшы ретінде тіркелген Қызылорда облысы тұрғындарынан арыз-шағымдар алынып, қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылды.
Осыған байланысты, аталған компанияларға қандай да бір ақша-қаражаттарын аударып, салымшы ретінде тіркелген облыс тұрғындарына өз құқықтарыңызды пайдаланып, Тергеу органы көмегімен кінәлі адамдардың қылмыстық жауапкершіліктері шешілуі үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің барлық қала және аудандық бөліністеріне арыз – шағым беріп, төмендегі байланыс телефондарына хабарласуларын сұраймыз.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің тергеушісі полиция капитаны Әлбатыров Ерсайын Байланыс телефоны: 8-777-361-89-62.
Қызылорда облысы
Полиция департаментінің баспасөз қызметі