Полицейлер «Қару» жедел-профилактикалық шарасын өткізді
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімімен «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 6 азаматтың өтініші қабылданып, 16 дана тегіс ұңғылы қарулар қабылданды. Сараптама қорытындысымен заңда көрсетілген мөлшерде сыйақы тағайындалды. Қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері аудан көлемінде өткізілген «Қару», «Құқықтық тәртіп» және «Учаске» жедел профилактикалық іс-шаралары барысында тұрғындардан заңсыз сақталған 24 дана қару анықталып, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482 - бабымен хаттамалар толтырылды. Сараптама қорытындысымен тиісті шаралар көрілді.
Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында өздерімен заңсыз пышақтарды тасымалдаған 17 азамат анықталып, пышақтары алынып, жинақталған құжаттар бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешімдер қабылданды.
Қызылорда облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі
















