Пробация есебіндегі 4 сотталғанға ескерту жасалды

Шара барысында Қызылорда қалалық пробация қызметі,облыстық және қалалық прокуратура қызметкерлерімен, жергілікті полиция қызметінің полиция инспекторларымен бірлесіп, пробация есебінде тұратын азаматтарды мекенжайынан, жұмыс орнынан тексеру жұмыстарын жүргізді. «Құқықтық тәртіп» іс-шараның жеті күндік нәтижесінде 300-ге жуық пробация есебіндегі азаматтардың тұрғылықты мекенжайынан, жұмыс орнынан тексеру жүргізіп, қайта қылмыстың алдын алу, болдырмау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 4 сотталғанға сот үкімімен белгіленген міндеттерді орындамаған үшін ескерту жасалды.
Қызылорда қалалық пробация қызметі