Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Біз жылу сыйлаймыз

Біз жылу сыйлаймыз

Бүгін Қызылорда қаласындағы №1 ХҚО бөлімінің келушілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айдын Қайруллаев қызмет көрсетті. Сонымен қатар, дүниеге енді келген сәбилерінің туу туралы куәлігін алуға келген ата-ананы, мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан Болатбек Қалиұлы мен 16 жасқа толып, алғашқы жеке куәлігін алған Ұлтайды салтанатты түрде құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, бүгінде Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде. Мәселен, ХҚО мамандары алғаш жеке куәлік пен төлқұжатын, жүргізуші куәлігі мен сәбилерінің алғашқы құжатын алған, зейнетке шығып жатқан келушілерді өміріндегі ұмытылмас сәттерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.
"Бұл жерде сыйлықтың көлемі немесе бағасы маңызды емес. Бастысы шын көңілден болуы. Біз үшін қызмет алушының ризашылығы қымбат. Әрдайым бір-бірімізге жылу сыйлап, қуантып жүрейік!" - деді, Айдын Бөкенбайұлы.
Мемлекеттік қызметте 30 жылға жуық еңбек еткен Нұрлыбаев Болатбек зейнеткерлікке байланысты құжаттарын реттеуге ХҚО-ға келген. Ол мемлекеттік қызмет көрсету саласында мұндайды бірінші рет кездестіргенін жасырмады: «Құрметті демалысқа шығуыммен құттықтап, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға үлкен рахмет, ерекше әсер алдым. Мемлекеттік қызмет көрсетуде ең алғаш болып осындай ілтипат көрсетіп жатқан ұйым сіздер ғана деп білемін. Бұл қуанарлық жайт».
Естеріңізге салайық, қызмет көрсетудің жаңа дәстүрі осы жылдың қыркүйек айынан басқарма төрайымы Әсемгүл Серікқызының бастамасымен бастау алған болатын. Енді осы аптадан бастап, #Бізжылусыйлаймыз жобасы аясында ХҚО-да Азаматтарға арналған үкіметтің облыстағы филиал директорынан бастап орынбасарлар мен басқарма, бөлім басшылары келушілердің өміріндегі ең маңызды сәттерінің куәсі болып, жылы лебіздерін білдіретін болады.
04 қараша 2020 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам