Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қала әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті

Қала әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті

Мәжілістің күн тәртібінде қаралатын екі мәселе талқыланбас бұрын шаһар басшысы соңғы 2 жыл 5 ай көлемінде Талсуат ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарып келген Болатбек Нұрлыбаевты құрметті еңбек демалысы, зейнетке шығуымен құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Құрмет» грамотасын табыстады. Өз кезегінде құрметке лайық қызмет атқарған Болатбек Қалиұлы «Басшылық қызметті сеніп тапсырып, үміт артқан қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа, мәртебелі жұмыста тізе қосып, иық тіресе жұмыс істеген әріптестеріне ізгі лебізін жеткізіп, алғыс білдірді.


Мәжілісте алдымен Ақжарма ауылдық округінде жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыға түсті. Ауылдың ахуалы туралы баяндаған округ әкімі Жұмабек Әлиев Ақжармада жол, ауыз су мәселесі толығымен шешілгенін және жаңадан берілетін жерлерге инфрақұрылым тарту мәселесі де жолға қойылғанын мәлімдеді. Сонымен бірге жыл көлемінде ауылдағы жұмыссыздық деңгейін жою мақсатында тұрақты жұмысқа 32, қоғамдық жұмысқа 41, жастар практикасына 4 адам орналастырылғанын, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны артқанын айтты. Алайда шаһар басшысы Ақжармада «Бизнестің жол картасы 2020» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы бірде бір азамат әлі күнге дейін несие алмағын атап өтіп, ауылда мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін насихаттау жұмыстары өте төмен деңгейде екенін сынға алды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясында белгіленген межені жыл аяғына дейін орындауды ауыл әкіміне нықтап тапсырып, қалалық полиция басқармасымен бірігіп, елді мекендегі жасалған қылмыстың ашылу деңгейін көтеру мен ауылда орналасқан барлық нысандардың күшейтілген санитариялық режимді сақтай отырып жұмыс жасауын қамтамасыз етуді де міндеттеді.


Аппараттық мәжілісте қала іргесіндегі Қызылжарма ауылдық округінде атқарылған жұмыстар да сараланды. Ауылда атқарылған біршама жұмыстар легін баяндаған Медет Сейілов биыл 21 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Оның ішінде 12 көше асфальтталып, 9 көшеге тас төселген. Бұл жұмыстар қалалық бюджеттің есебінен және «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы», «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламалары арқылы жүзеге асқан.

Бұдан бөлек, алдағы қараша айында қалалық құрылыс бөлімі арқылы ауылдық округтің шет аймағы Қызылжарма - 2 тұрғын ауданындағы 14 көшеге тас жол салуды бастау жоспарлануда.


Елді-мекендегі жұмыстардың жай-жапсарын баяндаған Медет Сейілов ауылда кәсіпкерлік субъектілері арқылы жұмыспен қамтылған азаматтар саны артып келе жатқандығын да айтты.

Өз кезегінде шаһар басшысы ауылда жеке тұлғалардың мүліктік салығы мүлдем орындалмағанын айтып, ауыл әкіміне жоспар бойынша салық түсімдерін толық орындауды жүктеді. Сонымен қатар жыл көлемінде округ бойынша тіркелген 23 қылмыстың 12-сі ғана ашылу өте төмен көрсеткіш екенін алға тартып, жұмысты дұрыс ұйымдастыруды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қатаң ескертті.

Мәжіліс соңында шаһар басшысы берілген тапсырмалардың мерзімінде және нәтижелі орындалуы тікелей өз бақылауында болатынын жетікізді.
05 қараша 2020 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам