Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

«Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала күні мерекесі қарсаңында шаһарымыздың ең жоғары марапаттарының бірі «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады.
Құрметті атаққа елге сыйлы, қызметте абыройлы бола білген, қаламыздың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан ел ағалары                   Еламанов Бекмырза Қайыпұлы, ҚР Парламент Сенатының депутаты   Мұхамедов Мұрат Бақтиярұлы мен қалалық мәслихатының хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы ие болды.
Қала әкімі республика, облыс, қала, аудан көлемінде бірнеше қызметтерде абырой биігінен көріне білген, жастардың бағыт-бағдарына кеңес беріп, түрлі салада қажырлы еңбек етіп, туған жерін түлеткен Сырдың жанашыры, кеудесі қазына, көргені көп, түйгені мол азаматтарды марапаттарымен құттықтап, алдағы байыпты бастамаларына табыс тіледі. Сонымен бірге ерен еңбектері үшін қала тұрғындары атынан  алғыс білдіріп, ерекше ықыласын жеткізе отырып, Бекмырза Қайыпұлының 70 жас мерейтойымен құттықтап, шапан жауып, марапат иелеріне сый-құрмет көрсетті.
Қалалық мәслихат депутаттары атынан Сәрсенкүл Бәйдешқызы сөз алып, «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атанған жандарды құттықтап, жоғары марапатқа еңбек адамдарының ие болуы, көңіл қуантатын, құптарлық іс екенін жеткізді.
Айта кетейік, құрмет төрінен көрінген Бекмырза Қайыпұлы  Қармақшы, Жаңақорған аудандарының әкімі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы мәслихатының хатшысы, ҚР Парламент Сенатының депутаты қызметтерін абыроймен атқарған, Мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері.
Құрметті атаққа ие болғандардың бірі ҚР Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, «Халыққа білім беру саласының үздігі», «Парасат», «Құрмет»  ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін»  медалінің иегері  Мұрат Бақтиярұлы. Сырдың жанашыр азаматы Парламент Сенатының депутаты бола отырып, өңіріміздің, оның ішінде аймағымыздың орталығы Қызылорда қаласының өркендеуіне елеулі үлес қосып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына, инфрақұрылымының дамуына ықпал жасады.
Түрлісалада абыройлы қызмет атқарған Боханова Роза Аяғанқызы білікті маман, Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының иегері, қаланың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан.
19 қыркүйек 2020 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 922 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам