Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Учаскелік полиция инспекторларына 20 қызметтік көлік табысталды 

Учаскелік полиция инспекторларына 20 қызметтік көлік табысталды 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев тағайындаған  "Халық алғысы" медалімен марапатталды. "Халық алғысы" медалі Президенттің жарлығымен пандемиямен күресте айрықша көзге түскен азаматтарды ынталандыру мақсатында бекітілген  болатын.
Бұл орайда, бүгін  6 қарашада Қызылорда қаласындағы Рәміздер алаңында жиын өтті. Марапаттау салтанаты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық аспан астында өтті.
Полицейлер екі қатарға тұрып сап түзеді. Еңбегі еленген полицейлерді департамент бастығы полиция полковнигі  Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ бүгін сырдың сақшыларына жаңа автокөліктердің кілті табыс етілді. Жол талғамайтын тұлпарлар учаскелік полиция инспекторларының иелігіне берілді. 20 автокөлік тұтастай заманауи құрылғылармен  жабдықталған.
Су жаңа көліктер ел тыныштығын күзетіп, темірдей тәртіпті сақтап жүрген полицейлер қызметінің жеделдігін арттырып, облыстағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге  септігін тигізетіні анық.
«Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрі полиция және медицина қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалады.
Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз еткен 25 полиция қызметкері мен 4 медицина маманы «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Облыс әкімдігімен бірлесіп, Президент Жолдауын кезең – кезеңімен орындау мақсатында  учаскелік полиция инспекторларына 20 автокөлік берілді. 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан Қызылорда облысы Полиция департаменті Қызылорда қаласы Полиция басқармасының №11 озық учаскелік полиция пунктіне қызметтік автокөлікке сертификат берілді.
Учаскелік полиция инспекторларын қажетті техникамен қамтамасыз етіп, мәртебесін көтеру -  Президенттің және Ішкі істер министрінің «Халыққа жақын полиция» қағидаты бойынша нұсқауын сапалы және уақытылы орындауларына мүмкіндік береді», -деді департамент бастығы Бектөре Жеңісбайұлы.
«Төтенше жағдай кезінде халық игілігі үшін еңбек еткен қызметкерлерге Мемлекет басшысының марапаты үлкен демеу. Карантин басталғалы күні – түні еңбек еттік.  Артылған  сенімді ақтауға тырыстық. Қиын уақытта медицина қызметкерлерімен бірге карантин режимін қамтамасыз етіп, тұрғындарға көмек көрсеттік. Бүгін, міне еңбегімізге жоғары баға беріліп отыр. Біздің еңбегімізді бағалаған басшылығымызға өзімнің және әріптестерімнің  атынан шын жүректен алғыс айтамын» деді «Халық алғысы» медалімен марапатталған полиция аға лейтенанты Нысанқұлов Бауыржан.
Еңбегімен ерекшеленген  тәртіп сақшылары халықтың бейбіт өмірі мен егемендігіміздің құндылықтарын қорғау жолында аянбай еңбек етпек.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
06 қараша 2020 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам