Жексенбіде қоғамдық көлік жүрмейді
"City Transportation Systems" компаниясының мәліметінше, жексенбіде қалалық автобустар жүрмейді.
8 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік бір күнге тоқтайды. Дүйсенбі күні, 9 қарашада автобустар қайтадан қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Коронавирустың таралуы қарқыны күшейгеніне байланысты қалада автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, SMS көмегімен және мобильді қосымшалар арқылы төленеді.