«Жыл басынан бері 204 өрт оқиғасы тіркелген»
Жасұлан Түйменов,
қалалық төтенше жағдайлар
басқармасының басшысы:
қалалық төтенше жағдайлар
басқармасының басшысы:
Қызылордалықтөтеншежағдайларқысқадайынба? Пештегіоттаннемесегазданболуымүмкінөрттіңалдыналуүшіннеістелуде? ОсыжәнебасқадасұрақтардыңжауабынбілумақсатындақалалықтөтеншежағдайларбасқармасыныңбасшысыЖасұланТүйменовкежолыққанедік.
– ЖасұланҚалдыбайұлы, қалатөңірегіндееңкөпкездесіпнемесееңкөптіркелетінтөтеншежағдайларғатоқталсаңыз...
– Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қалалық төтенше жағдайлар басқармасының негізгі бағытының бірі болып табылады. Басқарманың жұмысын жоспарлау аумақтың төтенше жағдайларға ұшырағандығы мен өткен кезеңдегі жедел жағдайға жасалған талдау негізінде жүзеге асырылады.
Жүргізілген талдау көрсеткендей жыл басынан қала аумағында көп тіркеліп жатқан төтенше жағдайлар бар. Олар: әртүрлі сипаттағы өрт оқиғалары, суға түсу маусымындағы азаматтардың белгіленбеген жерлерде суға түсіп қаза болуы және жасөспірім балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлау жағдайлары тіркелген.
– ЖалпыҚызылордақаласыбойыншажылбасынанберіқаншаөртоқиғасыорыналды?
– Қала бойынша 2020 жылдың 10 айында әртүрлі сипаттағы жалпы саны 204 өрт оқиғасы тіркелген. Орын алған өрт және өртке жатпайтын жану оқиғалары бойынша 121 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда орын алған өрттің басым көпшілігі тұрғын үйлерге тиесілі болып отыр. Басты себебі – азаматтардың далалық алқапта және жеке тұрғын үй ауласында көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы.
– Сөз арасында адамдардың суға кету дерегі тіркелгенін айттыңыз. Бұл қалай болған? Осыған тоқталсаңыз...
– Осы жылдың басынан қалада су айдындарында 10 адамның суда қаза болу дерегі тіркелді. Қала көлемінде суда орын алған қайғылы жағдайларға жасалған талдау көрсеткендей, негізгі себептер судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы және су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсуі екені байқалады. Осыған байланысты суға шомылу маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Шараға қала әкімдігі, «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған «Волонтерлар фронт-офисінің» еріктілері мен қалалық полиция басқармасы қызметкерлері қатысты. Аталған жұмыстар жыл сайын жалғасын табатын болады.
– Төтенше жағдайларды құлақтандыру бағытындағы қандай жұмыс атқарылуда?
Қазіргі кезде Қызылорда қаласы мен ауылдық округтердегі тұрғындарға түрлі төтенше жағдай кезінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін қала бойынша жалпы саны 9 ғана электрсирена қондырғысы орнатылған. «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы төтенше жағдайлардың туындауы және туындау қаупі кезінде халықтың назарын аударуға арналған. Сиреналар ай сайын жарамдылығы тексеріліп жергілікті БАҚ, интернет ресурстарда бір күн бұрын ескерту жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген есептеулер нәтижесінде қала бойынша тағы қосымша 30 дана құлақтандыру сиренасын орнатуды қажет етеді. Бұл бойынша тиісті жұмыс жасалуда.
– Бүкпесіз әңгімеңізге рахмет.
Сұхбатты жүргізген
Жарасхан Қуанышбайұлы